Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы
2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімовтің қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті және республикалық деңгейдегі телеарналар мен басылымдар өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі кеңестердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтар профилактикасының сапалы құралы екені айтылды.
Жалпы, өткен кезеңмен еліміздің барлық өңірлерінде Әдеп жөніндегі кеңесінің (әрі қарай - Кеңес) 95 отырысы өткізіліп, 650 мәселе қаралды.
Қаралған тәртіптік істер бойынша 1210 ұсыным беріліп, бүгінгі таңда 262 лауазымды тұлға тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 122 (әдеп кодексі талаптарын сақатамағаны бойынша), ал 140(мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық).
Аналогиялық тұрғыдан қарасақ, 8 ай бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің (әрі қарай - Кеңес) 7 отырысы өткізіліп, 52 мәселе қаралды.
Қаралған тәртіптік істер бойынша 23 ұсыным беріліп, бүгінгі таңда барлық ұсыным орындалып 23 лауазымды тұлға тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 16 (мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық), ал 7 (әдеп кодексі талаптарын сақатамағаны бойынша).
Кеңес отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
- Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша 2016 жылы және 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмысының нәтижелері;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою шаралары бойынша атқарылған жұмыстар бойынша;
- Батыс Қазақстан облысындағы мекемелер мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жай-күйі бойынша мәселелер қаралды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері жөнінде статистикалық мәлімет келтірілді.
2017 жылдың қыркүйек айына қарасты мәліметке сәйкес, облыс бойынша ішкі талдау 84 мемлекеттік орган және 1 кәсіпорындармен жүргізіліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 61,7% кемігені аталды. Жүргізілген барлық ішкі талдау барысында 42 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 58,4% кеміген. Яғни, өткен жылдың ұқсас кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 222 мемлекеттік орган мен кәсіпорындарда жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 101 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны атап өтілді.
