Назарбаев: қылмысы жоқ адамды мен сендерге бере алмаймын
Назарбаевпен кездескен журналистер біздегі түрік мұғалімдерінің Түркия билігі тарапынан қудалануына қатысты бірнеше сауал жолдады. Себебін өзіңізде білерсіз, Түркидағы саяси жүйе мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ-та тұратын дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүленнің арасындағы "соғыс" еді.
Елбасы, сұрақ қояшыға жауапты дер кезінде беріп, былай деп кесіп айтты:
"Еліздегі түрік мұғалімдерінің қылмысы жоқ болса, онда олар Түркияға қайтарылмайды"
Президент әрі қарай сөзін жалғай келе, Қазақстанда Президент Назарбаев пен Түркияның бұрынғы Президенті Тұрғыз Озал мырзалар іргетасын қалаған қазақ-түрік мектептері күні бүгінге дейін жұмыс жасап келеді. Ешкім одан жамандық көріп отырған жоқ деді.
"Иә, Ердоған менімен кездескен сайын осы мәселені көтереді. Ердоған мырзаның таққан айыбы – бұл мектептер АҚШ-та тұратын дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүленнің діни идеологиясына жұмыс жасайды деген терістеу, мүмкін жалаң сөзі бар. "
Еске салайық, бұл біз айтып отырған білім ордалары «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қорына қарайды. Жеткен жетістіктері де аз емес.
