Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент қызметкерлерімен кездесу

2017 жылдың 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры С.С.Мүксімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Агенттіктің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Департамент директорын ұжыммен және Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде Мемлекет басшысы мен Агенттік Төрағасының Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

С.С.Мүксімов өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша, Агенттікпен мемлекеттік кәсіби аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің сапасының деңгейін арттыру бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Департамент директоры Департамент қызметкерлерімен жеке кездесу өткізді.

Өз кезегінде, Департамент қызметкерлері мұндай кездесулердің мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің жемісі үшін маңызы зор екендігіне сенімді.

   
0
0
402

Осы тақырып бойынша

Департамент қызметкерлерімен кездесу - Yvision.kz