Мазмұнға өту

Жаңа

Бейнебайланыс арқылы конкурстарға қатысу жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті конкурстық үрдістерді жетілдіру және ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, бейнебайланыс арқылы байқаушы ретінде облыстық алыс орналасқан аудандардың конкурстық комиссиялары отырыстарына қатысуы жалғасуда. Осылайша, а.ж. 2 қарашасында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Х. Бахриразиев Тайынша ауданының бірыңғай конкурстық комиссиямен өткізілген әңгімелесуге қатысты. Әңгімелесу Агенттіктің (kyzmet.gov.kz) және Тайынша ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында жарияланған, «Б» корпусының төменгі емес бос лауазымдарға орналасу үшін өткізілді, оған 6 үміткер қатысты. Сонымен қатар, әңгімелесу өткізу барысын Тайынша аудан…

0
0
552

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында мобильдік топ Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді.

Іс-шара барысында белсенді диалог жүргізіліп, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 
0
0
291

ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын а…

0
0
429

100 жаңа есім: Қарулы Күштер сапындағы тұңғыш әрі жалғыз теңізші ару

Жанар – 21814 әскери бөлімінде «Орал» зымыран-артиллериялық жауынгерлік кемесінде техник маман ретінде қызмет ететін жалғыз қыз. Ол – Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Жоғарғы оқу орынын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған аруды «теңізші болсам» деген арманы әскери салаға жетеледі. 2011 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығына қызметке орналасады. – Кезекшілік барысында Ақтаудағы әскери бөліммен байланысқа шығып, кемелер туралы ақпарат аламыз,- дейді Жанар. – Міне, менің әскери-теңізші болсам деген түбегейлі мақсатым осы кезде пайда болды. 10 айдай қызмет еткеннен кейін, буырқанған теңіз толқындарын көзбен көріп, жүрекпен сезіну үшін Маңғыстау өңіріне қызмет бабымен ауысып келдім. Өмірімнің ең қызықты сәттері осы кезден бастау алды. Себебі, мен келісімен 6 ай…

1
0
1090

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 31 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
438

Еріктілер үйіне көмек көрсетілді

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" - дейді дана халқымыз. Осы орайда біз шаңырағы тұғызылып жатқан еріктілерді дамыту орталығына көрсетіліп жатқан көмек туралы айтқымыз келеді. Луначарский көшесі, 5 мекенжайында орналасқан бұл ғимарақа «Интерлайт-ПВ» ЖШС директоры, жас кәсіпкер Андрей Даниленко демеушілік көмек ретінде кабель, жарықшам, розетка және ажыратқыш берді. Маған «Мейірімділер тобы» келіп көмек сұрағанда ғана еріктілерге жеке ғимарат бергенін білдім, - дейді Андрей Даниленко. – Адамдаға шынайы пейілімен көмек беретін жастарға көмек қолын созудан бас тарта алмадым. Сондықтан «СИП» деп аталатын 100 метрлік кабельдерді, бір жылдан үш жылға дейін кепілі бар жарықдиотды шамдар, розеткалар мен ажыратқыштарды ұсындым. Мен үнемі Instagram желісінде еріктілердің жұмысын бақылап тұрамы…

1
0
710

БҚО-да «Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу тапсырылды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық драма театры ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үрдісіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»…

0
0
598

Бөкейордасы, Жәнібек және Казталоваудандарының ХҚКО-да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың 24-27 қазан күндері аралығындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейордасы, Жәнібек және Казталов аудандары бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне арналған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және құқық қорғау органдарына алғаш орналасушы үміткерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына өтініш білдіруі бойынша түсіндіру жұмыстарынөткізді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маман…

0
0
329

Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді

2017 жылдың 24-27 қазан күндеріҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейордасы, Жәнібек және Казталов аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз азаматтарменкездесу өткізді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясовқатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне алғаш түсуші үміткерлергеарналған  ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

0
0
400

БҚО Тасқала ауданының мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне арналған семинар

2017 жылдың 24-27 қазан аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы, Жәнібек және Казталов аудандарының мемлекеттік мекемелерінің персоналды басқару қызметкерлерімен «Е-қызмет» ЫАЖ облыстық мекемелерде автоматтық режимде жүргізу бойынша семинар кеңес өткзілді. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін автоматтық режимде жүргізу» туралы және бағдарламаның  мақсаттары мен міндеттері, туралы баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті  жауаптар қайтарылды.

0
0
385