Бөкейордасы, Жәнібек және Казталоваудандарының ХҚКО-да түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2017 жылдың 24-27 қазан күндері аралығындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейордасы, Жәнібек және Казталов аудандары бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне арналған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және құқық қорғау органдарына алғаш орналасушы үміткерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына өтініш білдіруі бойынша түсіндіру жұмыстарынөткізді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов– «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне"Б" корпусының лауазымына жәнеқұқыққорғау органдарына орналасушыүміткерлерге тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей іріктеу ерекшелігін айқындап түсіндірді.Кездесу барысында қатысушылардың мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.
