Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бейнебайланыс арқылы конкурстарға қатысу жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті конкурстық үрдістерді жетілдіру және ашықтылығы мен объективтілігін  қамтамасыз ету үшін, бейнебайланыс арқылы байқаушы ретінде облыстық алыс орналасқан аудандардың конкурстық комиссиялары отырыстарына қатысуы жалғасуда.

Осылайша, а.ж. 2 қарашасында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Х. Бахриразиев Тайынша ауданының бірыңғай конкурстық комиссиямен өткізілген әңгімелесуге қатысты.

Әңгімелесу Агенттіктің (kyzmet.gov.kz) және Тайынша ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында жарияланған, «Б» корпусының төменгі емес бос лауазымдарға орналасу үшін өткізілді, оған 6 үміткер қатысты.

Сонымен қатар, әңгімелесу өткізу барысын Тайынша ауданы мәслихатының депутаты Қ.К. Шәріпов және «Тайынша таңы» газетінің директоры Г.Ж. Нұралина бақылады.

Конкурстық үрдістердің ашықтылығы азаматтардың мемлекеттік қызметке сенімділігін арттырады және заманауи транспаренттік мемлекет құрудың кепілі болып табылады.

Аталмыш инновациялық әдіс одан әрі қолданылатын болады.

 
0
0
514

Осы тақырып бойынша

Бейнебайланыс арқылы конкурстарға қатысу жалғасуда - Yvision.kz