БҚО-да «Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу тапсырылды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық драма театры ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үрдісіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкеге қала тұрғындарының сұранысына көп ие болып жүрген мемлекеттік органдар шақырылған болатын. Олар: Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы, білім беру бөлімдері, Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Шараға қатысқан барлық мекемелер ақпараттық парақшалар, көп қажет етілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаднамаларын дайындап және жәрмеңке өткілген кезде электронды қызмет көрсету мүмкіндігін кеңінен насихаттап қызмет көрсетті.
Жалпы жәрмеңкеге қатысқан қала тұрғындары өздерінің оң бағаларын беріп ризашылықтарын білдірді.
