Еріктілер үйіне көмек көрсетілді
"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" - дейді дана халқымыз. Осы орайда біз шаңырағы тұғызылып жатқан еріктілерді дамыту орталығына көрсетіліп жатқан көмек туралы айтқымыз келеді. Луначарский көшесі, 5 мекенжайында орналасқан бұл ғимарақа «Интерлайт-ПВ» ЖШС директоры, жас кәсіпкер Андрей Даниленко демеушілік көмек ретінде кабель, жарықшам, розетка және ажыратқыш берді.
Маған «Мейірімділер тобы» келіп көмек сұрағанда ғана еріктілерге жеке ғимарат бергенін білдім, - дейді Андрей Даниленко. – Адамдаға шынайы пейілімен көмек беретін жастарға көмек қолын созудан бас тарта алмадым. Сондықтан «СИП» деп аталатын 100 метрлік кабельдерді, бір жылдан үш жылға дейін кепілі бар жарықдиотды шамдар, розеткалар мен ажыратқыштарды ұсындым.
Мен үнемі Instagram желісінде еріктілердің жұмысын бақылап тұрамын, қыз-жігіттер үлкен құрметке лайық. Мұның бәрі шын жүректен жасалуда. Айта кетейік, «Интерлайт-ПВ» ЖШС 2008 жылдан бері нарықта қызмет етіп жатқан қазақстандық кабель шығарушы «Қазэнергокабель» АҚ-ның дилері. Компанияда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші партиялық ұйымы жұмыс істейді. "Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел болмас" - демекші жастардың бастамаларын қашан да қолдап болашаққа бағдар жасауда нақтылы көмек көрсететін осындай азаматтармен біз қашан да мақтан тұтамыз. Əрі олар жайлы жазудан жалықпаймыз.
