Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді
2017 жылдың 24-27 қазан күндеріҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейордасы, Жәнібек және Казталов аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз азаматтарменкездесу өткізді.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясовқатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне алғаш түсуші үміткерлергеарналған ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.
