Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ боксының атасы

Бокс десе ішкен асын, Жерге қойған сыныптасым Маған қарап керіп қасын: -Білесің бе?- деп сұрады, -Бокстың кім айтшы атасы? -Білмеймін. -Алғаш қазақ балаларын Жаттықтырған салып жанын Шоқыр Бөлтекұлы бабамыздың Тарихында ел боксы Сайрап жатыр салған ізі. Талайлардың ашқан бағын, Ниеті ізгі жаны жалын. Шоқыр баба шәкірттері Бабамыздың жалғап жолын, Сан биікке созды қолын. Әр жүректе мақтаныш боп Қалды мәңгі есімі оның.

Сүлеймен Баязитов

0
0
486

He жетпейді?

Құлпырған маңайың гүл,-

Деп маған,

Ырза болмай, ағайын жүр.

Жаным барда, бойымда қаным барда,

Жырымнан жан ашуын алайын бір.

Бәрі де бар...

Басымда бәрі де бар.

Жан емеспін жарымжан дәріге зар.

Жетпейтіні - жүректің әні болар,

Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар...

Қалғанының бәрі бар бір басымда,

Әлі талай жараймын қырды асуға.

Жетпейтіні - досым аз сырласуға,

Өмірім аз, жетпейді бір ғасырға.

Күрсінгенім болмаса анда-санда,

Көз жасымды қақым жоқ көл жасауға.

Аздығы да ғұмырдың алаңдатпас,

Міндетті емес ақындар көп жасауға.

Кім айыптап, сыртынан кім күледі,

Содан болар жырдың да жүнжігені.

Адам жырлап тұрғанда, заман жырлап,

Керегім де жоқ шығар кім біледі?!

0
0
406

Прокурор Ерлан Біләлға 90 млн теңге мөлшерінде айыппұл салуды сұрады

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы театрдың директоры Ерлан Біләлдің пара алу мәселесі бойынша ісі қаралды.Мемлекеттік айыптаушы Мадияр Кудиярбек алынған парадан 60 есе мөлшерінде айыппұл түрінде жазалауды сұрады. Барлығы 90 миллион теңге болады.Прокурор кінәсін мойындау, тергеуге көмек көрсету, кәмелетке толмаған балалардың болуы және Біләлдің сотталмағаны сияқты ерекше жеңілдетілген мән-жайлардың бар екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі, 366-бабы, 2-бөлімі бойынша кінәлі Біләл Ерланды кінәлау және мүлікті тәркілей отырып, парадан 60 есе мөлшерде жаза тағайындауды сұраймын», - деді прокурор.Сонымен қатар, прокурор белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыру, сондай-ақ Ерлан Біләлді барлық мемлекеттік марап…

3
1
769

Ыстық шай қатерлі ісікпен қалай байланысты

Олардың зерттеулері Annals of Internal Medicine ғылыми журналында жарияланды.

Тоғыз жыл бойы ғалымдар 30-79 жастағы 456 000 адамның денсаулығы мен тамақтану дағдыларын зерттеді. Осы уақыт ішінде олар 1 731 қатерлі ісік анықтады.

Ғалымдардың пікірі бойынша, бұл ауру күн сайын үнемі ыстық шай ішіп, күнделікті алкоголь пайдаланатын адамдарда жиі кездеседі. Сонымен қатар, асқазан қатерлі ісігі шылым шегетін, әрі ыстық сусындарды жақсы көретін адамдарда жиі кездеседі.

0
0
361

ТҰҚЖБ бес мың салымшысы мемлекет сыйақысын алмаған

5 000 салымшыға мемлекеттік сыйақы қосылмаған, себебі депозит иелерінің екінші деңгейлі банктер алдында түрлі қарыздары болған.Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, ТҰҚЖБ салымшылары болып табылатын, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тұтынушылық несие алған азаматтардың қаржыларына ЕДБ-термен бұғау салуға тыйым салу ұсынылуда.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 895 360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы алған.Банктің 160,780 клиенті 90 760 теңгені құрайтын ең жоғары мемлекеттік сыйақыға ие болды. Бұл дегеніміз, 2017 жылы олардың шоттарында кемінде 453 800 немесе 200 АЕК жинақтаған. Өз салымдарында көп мөлшерін жинақтаған клиенттер 2018 жылдың қорытындысы бойынша есептегенде, есептелмеген соманың теңгер…

0
0
497

Айрылдым сенен, жан сәулем

Айрылдым сенен, жан сәулем,

Көруге енді жоқ үміт.

Бірақ соңғы сөздерің

Кетпейді естен боп ұмыт.

Жапанда жалғыз жолаушы,

Аспанда торғай жырласа,

Көзі көкте, тілегі

- Көріп жақын, тыңдаса...

Мен де сондай қапамын,

Тоғайға, қырға қараймын.

Қайғымен жалғыз күңіреніп,

«Жан-жарым!»- деп жылаймын.

0
0
822

Адамдар үйлерін, мүліктерін сатып криптовалюта сатып алуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстандағы криптовалютамен операцияларды реттеудің жоқтығына алаңдаулы.«Ұлттық банк криптовалютамен не болып жатқанын қадағалайды ма? Жеке тұлғалардың қыруар қаражаттары виртуалды ақша сатып алуға кетуде. Адамдар үйлерін, мүліктерін сатып, криптовалюта сатып алуда. Криптовалюта - реттеуді талап ететін процесс болып табыла ма, жоқ па? - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасының таныстырылымында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковқа осы сұрақты қойды.Олег Смоляков криптовалюталармен операцияларға қатысты халықаралық тәжірибені атап өтті.Баяндамашы Ұлттық банк Қазақстанда криптовалютамен операцияларды реттеу бойынша шаралар әзірлеп жатқанын хаба…

1
0
329

«Бір түнде 400 адам жұмыстан босатылды». «Абу Даби Плаза» айналасындағы үлкен дау

Астанадағы Абу-Даби Плаза құрылысының айналасында үлкен дау туындады - шамамен 400 қызметкер компания басшылығына шағымдарын білдірді, олар бір түнде ақшалай өтемақыcыз, заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айталған.Құрылысшылардың айтуынша, олар ешқандай хабарландырулар алмаған, жұмысқа келгенде ғана қысқарту туралы естіген, және олардың есімдері қызметкерлер тізімінен алынып тасталынған.«Біздің арамызда заңнаманы білмейтін жұмысшылар көп, басшылар соны пайдаланады және оларды алдайды. Бір-бірлеп кеңсеге шақырып, «Көп ұзамай жұмысқа адамдар шақырамыз, сосын сізді қайта шақыратын боламыз, қазір осы жерге қол қойыңыз», - дейді. Біз барлығымыз «Казинжиниринг», «Мониторинг», «ЭКСПО», «Казстрой» сияқты төрт қазақстандық компанияда жұмыс істедік», - деді…

1
0
523

Мейірімсіз ажал

Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал-ай! Дегеніне жеткізбей, Қайғыға ойын толтырған. Ойдағысын еткізбей, Бірді бірден айырған Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай! Көңілін жастың мұқатып, Қайғыға ойын толтырған. Тамырына оқ атып, Қызыл гүлді солдырған Түсің суық, ажал-ай! Бақытын жастың ашқызбай, Қапыда алдың, не түсті? Көңілін жастың басқызбай, Арманда алдың, не түсті? Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
488

Партияшыға

Бай едің өз алдыңа шаруа баққан, Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан. Ойладың осы малдың арқасында Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.

Сол сағат келді саған мың пұт өсек. Ал жауды үсті-үстіне кесек-кесек! Жайлықта жеркенетін жексұр шалды Амалсыз қабыл алдың көрпе төсеп.

Келгендер бәрі бірдей мақтай келді, Мал-жанын салмақшы боп жақтай келді. Қымыз ішіп, етіңді жеп болғанша, Іш пікірін ішіне сақтай келді.

Сөзге нанып «ел бәрі мендік» дедің. «Бөлемді аузына ұрып жеңдік» дедің. Біреуі ат сұрады, біреуі ақша, Бәрін бердің: «Бір жолға көндік» дедің.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
1
1959