Мазмұнға өту
Xit

Toraigyrov

@Xit

Сайтта 2018 ж. 4 ақпанКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

14

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылу

1

Бір баланың тілек батасы

Оқыт бізді, әкетай, Қам көңілім болсын жай. Надандықтан құтқарып, Қуанта көр, құдай-ай! Көңіл менен көзді ашып Уанта көр, құдай-ай! Аяндардың пітінесін Суалта көр, құдай-ай! Надандықта қор қылма, Миллетке бізді сор қылма, Микробтарды зор қылма, Рақым айлап, құдай-ай!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
601

Қызық қандай адамды қыздыратын

Қызық қандай адамды қыздыратын,

Қайғы қандай қаныңды бұздыратын.

Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,

Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын.

Ер бар ма елі үшін жан қиятын

Басшы бар ма етегіне ел сиятын.

Жанның бәрі өз ісін мақұлдайды,

Адам қайда сезетін ар-ұятын.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
1932

Шығамын тірі болсам адам болып

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толғанайдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес.

Тебем деп тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
1815

Мейірімсіз ажал

Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал-ай! Дегеніне жеткізбей, Қайғыға ойын толтырған. Ойдағысын еткізбей, Бірді бірден айырған Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай! Көңілін жастың мұқатып, Қайғыға ойын толтырған. Тамырына оқ атып, Қызыл гүлді солдырған Түсің суық, ажал-ай! Бақытын жастың ашқызбай, Қапыда алдың, не түсті? Көңілін жастың басқызбай, Арманда алдың, не түсті? Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
436

Партияшыға

Бай едің өз алдыңа шаруа баққан, Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан. Ойладың осы малдың арқасында Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.

Сол сағат келді саған мың пұт өсек. Ал жауды үсті-үстіне кесек-кесек! Жайлықта жеркенетін жексұр шалды Амалсыз қабыл алдың көрпе төсеп.

Келгендер бәрі бірдей мақтай келді, Мал-жанын салмақшы боп жақтай келді. Қымыз ішіп, етіңді жеп болғанша, Іш пікірін ішіне сақтай келді.

Сөзге нанып «ел бәрі мендік» дедің. «Бөлемді аузына ұрып жеңдік» дедің. Біреуі ат сұрады, біреуі ақша, Бәрін бердің: «Бір жолға көндік» дедің.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
1
1907

Міне, алақай!

Қараңғы тұман түнде еді,

Қара қазақ баласы.

Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,

Жым-жырт сахра даласы:

Дау мен жанжал, партия

Болған еді арасы.

Жасытып еді бұларды

Қараңғы түннің қарасы.

Жиырманшы ғасыр басында

Міне алланың панасы:

Бір жағынан ай туып,

Бір жағынан күн туып,

Жарық көрді алашы!

Шолпаннан үміт тағы да:

Біріксе елдің данасы;

Бұл үшеуі тізіліе,

Бейне қолдың саласы.

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барасы;

Бұл жарықтар барында,

Кім адасып қаласы?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
701

Қазақ тілі

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген: "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2
1
1116

Мен қазақ

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,

Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.

... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып.

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.

Кіргені есік, шыққаны тесік болып,

Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
1
859

Арыстан мен тышқан (мысал)

Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада. Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып, Бір уақыт жүгіріпті басқа барып, Арыстан өлтіруге айналыпты, Басын басқан тышқанды ұстап алып. Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!» – деп, – Ағатай, маған зиян келтірме! – деп, – Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық, Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» – деп. Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан! Не жақсылық қайтады сен байғұстан? Дүниеде саған қалған күнім құрыстан! Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан. Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді, Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді. Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін Азат қылдым», – деді де, қоя берді. Бір күні арыстаным торға түсті, Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті, Оралып, шырматыылды, шықпаста…

0
0
2244