Мазмұнға өту

Жаңа

Абайдың қара сөздері. Жиырма бірінші қара сөз

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып…

0
0
1385

Абайдың қара сөздері. Жиырма екінші қара сөз

Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым.Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр.Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр.…

0
0
873

Абайдың қара сөздері. Жиырмы үшінші қара сөз

Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар.Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?Енді жұбанышы - жалғыз біз…

0
0
372

Міне, алақай!

Қараңғы тұман түнде еді,

Қара қазақ баласы.

Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,

Жым-жырт сахра даласы:

Дау мен жанжал, партия

Болған еді арасы.

Жасытып еді бұларды

Қараңғы түннің қарасы.

Жиырманшы ғасыр басында

Міне алланың панасы:

Бір жағынан ай туып,

Бір жағынан күн туып,

Жарық көрді алашы!

Шолпаннан үміт тағы да:

Біріксе елдің данасы;

Бұл үшеуі тізіліе,

Бейне қолдың саласы.

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барасы;

Бұл жарықтар барында,

Кім адасып қаласы?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
750

He айтам саған, жаным-ай

Кете бердім жолменен шайтан салған.

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».

Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.

...Сен қалдың қадіріме жетпей менің,

Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім.

Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек

Үстінде желбіреген көк көйлегің.

...Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,

Ойран-асыр көңілді жөндемек кім?

Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!

Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.

Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,

Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін.

Шынайы саған деген махаббатым

Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.

0
0
387

1941 жыл. Ақпан.

Сыртта аяз. Аулымызды ақ қар жапқан. Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан, жерді аттандатқан. Аттан! деді, Ол ертең аттанады. Аттанады еңбектің ақ табаны: Күрегінің орнына қару алып, Жауынгердің ролін атқарады. Ол ертең аттанады. Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған таға, Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?! Әжем жүр туған жердің топырағын, Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға. Ол отыр. Аямай-ақ ішіп алған. Санасын мазалайды күшік-арман. Аттан, әке. Таныс қой күрес саған, Күресуі керек қой күші бар жан. Here бізге үмітсіз тесілесің? Аттан, әке. Жолыңнан кешігесің. Кеудесінде шыбыны бар паңырлар, Тауып жейді сенсіз де несібесін. Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана, Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана. Мына отырған иеміз құласа егер, Саған жар, әке бізге табыла ма? ...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қ…

0
0
640

Қазақ тілі

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген: "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2
1
1166

Левит Тищенкомен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау туралы ХОК мәлімдемесіне жауап берді

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейродағы 2016 Олимпиадасында Евгений Тищенкомен кездесудің нәтижесін қайта қарауға өз пікірін білдірді, оның нәтижесінде боксшы лайықты алтын медалін алуы мүмкін.«Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдым, бірақ қазір бұл туралы ойланғым келмейді, өйткені мен келесі кездесілерге дайындалудамын, бірақ олар қайта қараса, жақсы болар еді», - деді ол телефон арқылы.Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада ресейлік пен қазақстандық арасында өткен кездесудің нәтижесін қайта қарауға ниетті екенін білдірді. Ол әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясында (АИБА) бүгінде көптеген мәселелер бар екенін, соның ішінде Олимпиадада төрешілер жүйесінде де мәселелер барын айтты…

0
0
339

Үзіліп түскен алмадай

Үзіліп көңіл қалғаны-ай!

Арыма басқан таңбадай,

Арылмай қойды-ау дау-дамай!

Тасыған көңіл арнадай,

Таусылып бүгін қалғаны-ай!

...Қиылып қалған құрақты,

Қиын да болар жалғау-ай!

Шоқтанып жанған көгімде,

ІІІолпаным бар ғой менің де.

Жолдассыз, доссыз тегінде,

Өткерген өмір өмір ме?!

Өкініш көп қой көңілде.

Осы да жақсы, кім білсін,

Ділгірсі көңіл, ділгірсін.

Өкініш, ынсап бір жүрсін.

Алайда, доссыз өткерген,

Күн құрсын, бауырым, күн құрсын!

0
0
501

Абайдың қара сөздері. Жиырма төртінші қара сөз

Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?

0
0
1113