Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал-ай! Дегеніне жеткізбей, Қайғыға ойын толтырған. Ойдағысын еткізбей, Бірді бірден айырған Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай! Көңілін жастың мұқатып, Қайғыға ойын толтырған. Тамырына оқ атып, Қызыл гүлді солдырған Түсің суық, ажал-ай! Бақытын жастың ашқызбай, Қапыда алдың, не түсті? Көңілін жастың басқызбай, Арманда алдың, не түсті? Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!
Сұлтанмахмұт Торайғыров

