Өлең
Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?» – демейтін Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнімнің қаны, Тіршілігім сенімен. Ойландым – тоймадым, Іздедім – қоймадым, Кеңес біраз менімен. Естісе сені – жан иір, Бағаң білмес көп сиыр!