Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Айрылдым сенен, жан сәулем

Айрылдым сенен, жан сәулем,

Көруге енді жоқ үміт.

Бірақ соңғы сөздерің

Кетпейді естен боп ұмыт.

Жапанда жалғыз жолаушы,

Аспанда торғай жырласа,

Көзі көкте, тілегі

- Көріп жақын, тыңдаса...

Мен де сондай қапамын,

Тоғайға, қырға қараймын.

Қайғымен жалғыз күңіреніп,

«Жан-жарым!»- деп жылаймын.

0
0
729

Осы тақырып бойынша