ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
0

He жетпейді?

Құлпырған маңайың гүл,-

Деп маған,

Ырза болмай, ағайын жүр.

Жаным барда, бойымда қаным барда,

Жырымнан жан ашуын алайын бір.

Бәрі де бар...

Басымда бәрі де бар.

Жан емеспін жарымжан дәріге зар.

Жетпейтіні - жүректің әні болар,

Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар...

Қалғанының бәрі бар бір басымда,

Әлі талай жараймын қырды асуға.

Жетпейтіні - досым аз сырласуға,

Өмірім аз, жетпейді бір ғасырға.

Күрсінгенім болмаса анда-санда,

Көз жасымды қақым жоқ көл жасауға.

Аздығы да ғұмырдың алаңдатпас,

Міндетті емес ақындар көп жасауға.

Кім айыптап, сыртынан кім күледі,

Содан болар жырдың да жүнжігені.

Адам жырлап тұрғанда, заман жырлап,

Керегім де жоқ шығар кім біледі?!