Мазмұнға өту

Жаңа

Алғыс айтып өтем саған

О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің. Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз. Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес, Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес. Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін. Қалжыраған сәттерімде қайғы-мұңмен қағысып, Пейіліңді қанат етіп,сен жетуші ең ап ұшып. Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде, Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде. Зор пенделік тарту күшін жеңе алғанын үшін де, Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де, Маған шексіз және шетсіздене алғаның үшін де, Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.

0
0
425

Ақын кетiп барады көшеменен

«Ақын кетiп барады көшеменен, Екпiнiнен бiр дауыл еседi ерен. Жанарында найзағай семсер сiлтеп,

Кеудесiнде қара бұлт көшедi өлең. Жөн-жосықсыз достары даттады ма, Жөн-жосықсыз дұшпаны мақтады ма, Әлде жардың қылығы жақпады да - Бас сауғалап барар жер таппады ма ? Біреулердің бетке айтып арамдығын, Біреулердің бетке айтып сараңдығын, Қызуына көңілдің зарықты да - Қызығынан өмірдің жалықты ма ?... …Аға, түгіл, тыңдамай бала да ақыл, Орнағандай басына заман ақыр... Қайран ақын безініп бүгінінен - Болашаққа адымдап бара жатыр!»

Жарасхан

Ақпарат көзі

0
0
1861

Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу

Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның. Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың, Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным? Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді, Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі. "Дарындыдан қарынды озсын!" дейді күліп заман арсыз, Нақ осы ұран тұрған кезде қалай түлеп, ағарарсыз, Қарын күшін мойындамас жұртты қайдан таба аларсыз? Таба алсаңыз, мұның ерлік екендігін бағаларсыз. Сатылғанның барлығы - күл, сатылсаңыз - жоғаласыз. Ал, сен соны тым ерте ұққан жомарт болдың шекарасыз. Күнде үйіне қонақтарды топ-тобымен алып келіп, Таң атқанша лаулап-жанып, әрқайсысын танып, көріп, Және оларды әнге, жырға, ой-толғауға салып көріп, Отырушы ең, қымбаттым-ау, жүрегіңнен жарық беріп. Дархан, аңғал болмысыңа пенде көздер таң қалатын, Кез келгенне…

0
0
278

Мен қыз үшін ұялдым

Байқатпастан уақытты тез өткен, Өнер толы өзекпен, Жыр қанатын безеп кең, Әмзе басты жиналғандар кезекпен. Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана, Ортамызда отырды бір қыз бала. Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай, Сұлулығы қиялыңнан озғандай! Ақша бұлттың арасынан бір арман Соған қолын созғандай. Бозбалалар аузын ашып аңырып, Қарап қапты қозғалмай. Думан қызды. Аянатын заман ба? Ән кезегі келіп жетті оған да. Сіңген өнер кәріге де, жасқа да, Қыз көңілінен таба алмапты баспана. Әлгі сұлу өзін туған халықтың Бір әнінде білмей шықты, масқара. Ал онысын кемшілікке санамай, Отырды ол өз ойымен одағай. Бөлме толы жақтырмаған көздерге Пысқырып та қарамай. Оғы болмай атуға, Қарттар жағы наразы тіл қатуда: "Бұл немене тумай жатып бату ма?" Нақ сол сәтте сен ән салдың, жан аға. Бұдан асқан нұрлы шат…

0
0
802

Ертегідей өмір бұл

Ұлы деген сөзді кез-келген жерге қолдана бермеу керек дегендіктен ғана, осы жерде бас тартып отырмыз. Әйтпесе осы сөзіңіз басқа-басқа Жәркен ағаға келіп-ақ тұр. Өлеңдері қандай десеңші. Ал, адамдығы, адамгершілігі тіпті керемет. Пенделігінің өзі періштеліктің тырнағына жетеқабыл. Ал, әпенделігі алты күн айтсаң таусылмайтын жыр. Оған алты жыл қатар отырғанда әбден қанық болдық. Кейде, күйіп кеткенде: - Осы сен мені өлтіріп тынатын шығарсың,-деуші еді. Сол көкемнің ұсақ-түйек қызықтарын жыйып қойып, мемлекеттік дәрежедегі әпенделігін айтып берейін. Ғалым аға айтса ваще қызық. Дегенмен... Қайбір жылы Жәркен ағамыз мемлекеттік стипендияның иегері атанады. Оны мемлекет басшысының өзі тапсырмақ болады. Қалалық әкімшіліктегілер стипендия иегерлерін әбден ығыр қылады. Соның ішінде Жәркен аға да б…

0
0
721

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.

Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,

Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.

Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,

Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.

Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,

Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.

Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,

Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.

Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,

Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.

Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,

Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.

Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,

Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!

0
0
1143

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

He пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген. Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды, Жауымнан жасыра алмай қастығымды. Жанымды аямаған жауларымнан, Ала жатар едім ғой жастығымды. Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін, Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің. Алайда, аласапыран тіршіліктің, Алдында күресе алмай тек сілейдім! Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың, Бірақта не бітірдім, не тындырдым. Шөп жинаған ініне суырдайын, Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! Туған жер сағындырды, келді есіме, Өзім кепіл енді оны көрмесіме. Тағыдай тауда өскен тарлан едім, Таңылдым емхананың бөлмесіне. Кім кепілдік береді өлмесіме! О, дәу…

0
0
869

Жоғарғы Сот Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдары ынтымақтастығының қарқын алғанын, қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.Ж.Асанов сот төрелігіне сенімді арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін жаңғырту тұрғысындағы негізгі жеті бағыт бойынша Жоғарғы Сот белсенді жұмыс атқарып жатқандығын мәлімдеді. Жоғарғы Сот Төрағасы электронды сот төрелігін дамыту, соттардың жүктемесін азайту, дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету және сот төрелігінің сапасын жақсарту бойынша БАӘ-нің тәжірибесіне Қазақстанның қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті.Өз кезегінде Елші мырза «См…

0
0
350

Новый универсальный казахский алфавит на основе латинской графики "Алтын көпір"

«Алтын көпір»новый универсальный казахский алфавит на основе латинской графикиНазвание нового казахского алфавита имеет глубокое символическое значение. Алфавит назван «Алтын көпір» в надежде, что он будет служить золотым мостом между Страной Великой степи - нашим родным Казахстаном и общемировой цивилизацией. Основные принципы создания алфавита: 1. Каждому звуку – отдельный символ.2. Специфические звуки казахской фонетики нет необходимости обособлять, у них родственное звучание, это звуки а – ә, г – ғ, н – ң, о – ө, х – һ, а также иыі и уұү их необходимо обозначить одним символом и расположить в алфавите одной строкой, исключение составляет специфический звук казахской фонетики Іі, которая довольно часто встречается в текстах, поэтому оставляем идентичный символ из старого алфавита, тем…

0
1
984