Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Ақын кетiп барады көшеменен

«Ақын кетiп барады көшеменен, Екпiнiнен бiр дауыл еседi ерен. Жанарында найзағай семсер сiлтеп,

Кеудесiнде қара бұлт көшедi өлең. Жөн-жосықсыз достары даттады ма, Жөн-жосықсыз дұшпаны мақтады ма, Әлде жардың қылығы жақпады да - Бас сауғалап барар жер таппады ма ? Біреулердің бетке айтып арамдығын, Біреулердің бетке айтып сараңдығын, Қызуына көңілдің зарықты да - Қызығынан өмірдің жалықты ма ?... …Аға, түгіл, тыңдамай бала да ақыл, Орнағандай басына заман ақыр... Қайран ақын безініп бүгінінен - Болашаққа адымдап бара жатыр!»

Жарасхан

Ақпарат көзі

0
0
1818

Осы тақырып бойынша

Ақын кетiп барады көшеменен - Yvision.kz