Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау - шапан, Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,

He етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

1
0
781

Президент ескі үйлерді бұзу туралы: бұл халық денсаулығы мәселесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ескі үйлерді бұзу қажеттігін айтты.

«Қолжетімді баспана туралы әңгіме қозғалып отырмыз, адамдар ескі үйлерінде тұрыпғ жаңа үйлерін жалға беруде, ақша табу үшін. Адамдар тұрғысынан бұл қалыпты жағдай да болар, алайда біз ескі үйлерді бұзуымыз керек», - деді президент.

Сонымен қатар, ол үйлердің бұзылуын іскерлік сектор үшін пайдасы болатындай етіп шешуге шақырды. «Төрт қабатты Хрущевкалардың тұрғанына 60-70 жыл, енді оларды бұзып, жерді бизнеске беру керек», - дейді ол. «Қала орталығында жақсы жер бизнеске де жақсы әсерін тигізеді, ол қаланың сыртқы көрінісін әдемі етеді. Адамдарға өмір сүру үшін жақсы орынға көшуге мүмкіндік береді. Бұл денсаулық мәселесі, халықтың әл-ауқаты», - деді Назарбаев.

0
0
358

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Су тартылған теңізден, жылғалардан,

Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,

He бар дейсің, өмірге тұлға болған

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқылы кетеді таңды мына

Менің жаным ашиды барлығына;

Таң нұрына, адамның тағдырына

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен

Енді сендер өмірден өтпендер деп.

Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде,

Жаңаруда дүние, ескіруде

Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!

0
0
1199

БАӘ-не қазақстандықтар үшін визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды

Енді Қазақстан тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктерінде визасыз 30 күн жүре алады, режим ағымдағы жылдың 10-наурызынан бастап күшіне енеді.

«10-наурызда Қазақстандықтарға 30 күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде визасыз жүруіне рұқсат берілетін режим күшіне енеді. Біз Қазақстан халқын осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз. БАӘ-не сапарларыңыз сәтті болсын», - делінген Қазақстандағы БАӘ елшілігі твиттерінде.

1
0
776

Түс дегеніміз не?

Түсімде жардан құлап бара жатқандай болып оянып кетемін. Бала кезімде осындай түстер жиі болатын. Кейін өсе келе баспалдақпен көтеріліп келе жатып, баспалдақ бітіп қалғаны не болмаса жете алмас алыста жалғасатыны бар еді. Оянғанда тағы да бір өкініш пайда болатын. Сонымен бізді тус көруге не итермелейді? Ғалымдар түс біздің күндіз болған оқиғаны санамызда қорытып түнде түс ретінде көруіміз деп айтады. Солай болса да кейбір түстер тапсырыс бойынша болатындай. Мысалы, мемлекеттік емтихан тапсырар кезде Андронов мәдениеті деген билет алғаным бар түсімде, емтихан кезінде тура сол билет түсті.Түсінде ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар қаншама? Периодикалық кестені ойлап тапқан Д.И.Менделеевтің мысалын бәрі біледі, ол түсінде кестені көрген, оянғанда жаңалық ашқанын сезген. Айта берсек жаңалықтарын…

4
0
4065

GetContact қосымшасы заңнамаға қайшы келеді – ҚР АКМ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы GetContact қосымшасына қол жеткізу шектелген, себебі жеке деректер туралы заңның бұзылуы болып табылады. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Министрлік байланыс операторларына және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-на Қазақстан Республикасының аумағынан пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталғандығына байланысты «GetContact» қосымшасын пайдалануды шектеу қажеттігі туралы бұйрық шығарды», - деп «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Басқа адамдардың контактілер тізімінде қала й сақталғандығыңды көруге мүмкіндік беретін қосымша жақын арада Қазнетте танымал бола бастаған еді. Алайда, па…

0
0
818

Футзалдан Қазақстан командасы Евро-2018 полуфиналында есе жіберді

Ойын 8 ақпанда кешке (Астана уақытымен 8-9 ақпан) өтті. Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттарда команда 5: 5 есебімен тағы бір рет қарсылас қақпасын соқты. Біздің команда құрамында Тянь, Игита, Таку, Дуглас және Серік Жаманқұловтың голдарына қол жеткізді.

фото: sports.kz

Матч өте тартысты және жоғары деңгейде өтті. Рикардо Какау тәрбиеленушілері испандық әріптсетеріне қарсы шықты. Алайда, пенальтилерде испандықтар мықтырақ болды - 3:1.

Матч турнирдегі Қазақстанның ең үздік кездесуі болды. Какау командасы қорғаныста да, шабуылда да автоматизмге қол жеткізді.

0
0
404

О, киелі махаббат

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – "The Winner Takes It All" - оркестр Джеймс Ласт

Бейнематериал авторы – Music channel

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Екі жасты қосатын,

Махаббат, шіркін.

Қуантатын, жылататын,

Махаббат, шіркін.

Түңілгенге, ой беретін,

Махаббат, шіркін.

Адасқанға, жол сілтейтін,

Махаббат, шіркін.

Дұшпандарды, дос қылатын,

Махаббат, шіркін.

Жалғыз басты, қос қылатын,

Махаббат, шіркін.

Талғамайтын, мүлдем жасты,

Махаббат, шіркін.

Жалғастырған, жаңа ұрпақты,

Махаббат, шіркін.

Ата –ананы, сыйлаттырған,

Махаббат, шіркін.

Туыстарды, сағындырған,

Махаббат, шіркін.

Алаңдатқан жерге, елге

Махаббат, шіркін.

Намысты да, берген ерге

Махаббат, шіркін.

О, киелі махаббат,

Керемет, сәнді.

Қай түрінде, келсеңде,

Болшы сен, мәңгі.

1
0
594

Жоғарғы Сот Мемлекеттік туды терезеге ілген тұрғынның әрекетінен заң бұзушылықтың жоқтығын анықтады

Өткен жылдың қазан айының соңында Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы қала тұрғыны Сұлтан Тұмашиновқа тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының қаулысына сәйкес С.Тұмашиновқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігін бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулымен келіспеген С.Тұмашинов сотқа шағымданған.Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шағымды қанағаттандырусыз қалдырғандықтан, С.Тұмашинов Бас прокуратур…

0
0
488

Абайдың қара сөздері. Он бесінші қара сөз

Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол…

0
0
1864