Мазмұнға өту

Жаңа

Экономикалық пост 😊

Көрсек танып, естісек түсінеміз. Бірақ көп жерде айтылмайтын, өлшенбейтін, санмен де салмақпен де есептелмейтін өлшем бар. Бұл маңызды өлшем - береке деп аталады. Берекелі болса 5 мың теңге 500 млн доллардан да пайдалы болады. Алладан сан емес бұйырғанының берекесін сұрасақ, миллиондап тауып жатқандардан да бай боламыз. Себебі берекеде есеп болмайды. Алла не берсе де берекесімен берсін! Демалыс, берекелі болғай!

Ақпарат көзі

0
0
401

Неге тынышталып қалдыңдар

Инстаграмда да фейсбукте де сайттардан көп жазып жатыр. Ең алдымен алаңдап, жаңалық күтіп, Қанат Исламды іздеп жатқандарыңызға рақмет айтқым келді. Бізде жаңалық көп. Өте көп. Сіздер асыға күтіп жүргендеріңіз сияқты біз де сіздерге тезірек айтқымыз келеді. Бірақ, талаптар бойынша әзірге тыныштық режимін қосып қоюға тура келіп тұр. Айта кетуге болар мәселе Верамен болатын жекпе-жектен Қанат Исламның өзі бас тартқан жоқ. Бас тартты деген ақпарат қайдан шыққанын, кім айтқанын анықтап жатырмыз. ҚАЗАҚ Верамен кез-келген жерде кез-келген уақытта шығуға дайын. Біз Верадан да мықты қарсыластарға дайынбыз, қаншама рет жекпе-жекке де шақырдық. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Біз сіздерді қатты құрметтейміз, жылы пікірлеріңізді оқып отырамыз. Қазір жаттығудың екінші кезеңіне көштік. Күніне 3 сағат ж…

0
0
330

Үйтіп неғымаңыздар

Қазір смартфонның адамның он үшінші мүшесіне айналып, алақанына алақан болып жабысып қалғаны қаш-ша-ан. Ендеше, сол уақытымызды уысымыздан шығарып жатқан телефоннан бір пайда табайық та. Мысалы, Кaztube бейнеплатформасы жариялаған «Мобильный репортёр» деген байқаудан.

Ай сайын жұмыс телефонына, тфу, ұялы телефонға түсірген үздік бейне үшін депутат айлығының үштен бірін - 200 мың теңге беріп тұрады. Ол бейнені иеще Bnews және BAQ порталдарына басады дейді. Иә, сіздер үшін басты шарт - бейне салынған соң, алғашқы тәуліктерде тәуір көрсетілім жинауы тиіс. Былайша айтқанда, Kaztube.kz-ке бейне жүктесеңіз, автоматты түрде байқауға байқамай қатысып кетесіз.

Ақпанның соңында алғашқы нәтижелерін шығара бастайды, сондықтан, үлгеріп қалыңыздар!

Ақпарат көзі

1
0
384

"Әркімге бұйырғаны"

Басқа-басқа, дәл қазіргі Германияда бұл сөзді қолдансаңыз, жұртшылық қарсы шығады дей беріңіз. 1998 жылы Нокиа сыртқы панелін ауыстыруға болатын телефонын жарнамалаған кезде, осы сөзді слоган ретінде қолданған еді. Қарсы болды жұрт - алдырып тастады. Неге десеңіз, бұл сөз Бухенвальд концлагеріндегі бас қақпаның маңдайшасында жазулы тұрған еді. Жаппай өлтіруге үндейтін сөздей қабылданады әлі күнге...Тағдырдың саған не сый даярлап тұрғанын ешкім білмейді. Германиядағы келесі бір Берген-Бельзен концлагерін 1945 жылы ағылшын әскерилері азат қылғанда, толған өлікті жою үшін үлкен-үлкен ор қаздырады. Ал өліктерді тиеу үшін лагердің бұрынғы күзетшілерін мәжбүрлейді. Сонда ағылшындар әлгі күзетші әйелдердің қолына қолғап бермей қояды. Жаза ретінде. Әбден іріп-шіріген өліктерді жалаң қолмен тасыға…

0
0
517

Қандай ғажап, ә!

Керемет пиар. Пиар дегенге Timur Bektur ренжімес, сәбеттер луноходымен Айдың бетіне вымпелдерін апарып тастағанда да пиар деген әмерикалықтар. Бұл он жылдан бері жылды табыспен жаба алмай келе жатқан Теслаға пиар, алдымен. Бір мойындайтыным, біз 80-90-шы жылдары «инженер» дегенді «айлық орнына бір қорап болт пен гайка алатын ит жұмыс» деген түсінікпен қатар қойып жүргенде, орыстың да, әрине, біздің де қасымыздан әміркендер оза шауып өтті. Екі рет экипажы жанып кетсе де, ұясына қайтып қонатын шаттлдары өзін ақтады-ау, 30 жылда 135 рет ана жаққа барып-қайтты. Технология жағынан ақтады. Қаржы жағынан ақтамады – ол үшін шаттл жылына кемі 30 рет ұшу керек еді. Мұндай технологиялық жолды НАСА салып бергенде, Илон Маск оны дамытпай, ақымақ болып па? Кеше Falcon Heavy-дің «батарейкалары» жерге қа…

0
0
486

Ең соңғы жаңалықтар

Жасасын, сауаттылық! Ержан Рашев Фэйсбукті қойып, Вконтактедегі үздік посттарды да көшіріп бастады. Жасасын, ұрлық! "Рухани жаңғыру" бағдарламасына жауаптылар өзінің шоу-поп әншілердің концертіне жапсырылған логотиптер үшін жауапты екенін біліп қойды. Жасасын, жаңғырық!

Ақпарат көзі

0
0
321

Бақ пен байлық

Байлық дегенде сол дүниеауи байлықты айтып отырған жәйіміз бар. О, тіршілік, не берсенде арнап бер. Алтың балық ілінетін қармақ бер. Бақыт бер де, сол бармақтай бақытты Басып тұрар құдыретті салмақ бер. Қадыр ақын осылай дейді. Шындығында сол бізге бақ пен байлық берсе салмақ бермейді. Салмақ берсе, сол салмағымыз орнымыздан тұрғызбай тастайды да, не байлыққа, не бақытқа жете алмай жатамыз. «Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несчастливая семья несчастлива по-своему». Арыстан ағай (Мұхамедиұлы емес екені екі жыл кластан қалған Еремаға да белгілі) осылай дейді. Толстойдың осы бір қанатты сөзін сәл өзгертіп көрейік. «Барлық бақытты отбасылар өздерінше бақытты, ал, барлық байлар бір-бірінен аумайды». Рас, біздегі байлардың барлығы бір жұмыртқадан шыққандай. Билік басына барып,…

1
1
5152

Бұл не, тағы тағдыр ма?

Содан кабинетте тұра қалып суретке түскенмін. Не түлен түрткенін кім білсін, оны әкеп мында салып қойдым. Истаграмнан жер ауып келген «босқын» бауырлар құсап, сүйкімді қарындастарға ұқсап аты-жөні жоқ сурет сурет салмаушы едім. Бұл жолы не болғанын білмеймін. Құдай біледі, ылғи джинсы шалбармен, футболкамен далақтап жүре беретін болғасын, өзім өз болып кастюм-шалбар кигенімде, осы бір ғанибет қалпымды достарым да білсін дедім-ау деймін. Енді сурет құры тұрмасын деп астына мына жазбаны тіркеп жіберіп отырған жайым бар. Қызық иә. Жалпы адамның өмірге келгендегі мақсаты не? Бір мақсат. Бірақ, әр адамның тағдыры әртүрлі. Гүлдің де мақсаты біреу. Және әр гүлдің де өз тағдыры бар. Қып-қызыл раушан гүлі қайда баруы керек еді. Қызға. Онда да он сегіздегі үлбіреген қызға. Құрсын, әлгібір сериялдың…

0
0
817

Өліара

Атқа мiнген жiгiттер бiр-бiр қыздан мiңгестiрiп алған. Жаяулары қыздың иығына қолын артып құшақтап барады. Осы бiр “алқакөл сұлама, ақтабан шұбырындыдан” маңызы бөлек шұбырған топқа қарап көңiлiм босап кеттi. Неге десеңiз бiз осы сәтте мәңгi бақи дәл осылай толыққанды басымыз қосылмасқа тарап бара жатырмыз. Ұзақ жылдарға созылып, бiтпестей болған мектептi де бiтiрдiк. Кеше түнде қолымызға орта мектептi толықтай бiтiрдi деген куәлiгiмiздi алдық. Басқа-басқа осы аттестат Айбол екеумiзге де бұйырды-ау. Мектептен әне қуып жiбередi, мiне қуып жiбередi деп жүргенде әупiрiмдеп осы күнге де жетiп тындық. Түндегi салтанатты кештен соң бүгiн барлық сыныптастар тауға демалысқа шыққанбыз. Ертең барлығы жоғарғы оқуға құжаттарын тапсыру үшiн алып қалаға аттанбақ. Әрқайсысы әр қиырға тартады. Демек, бiз…

0
0
1986

Аңсаған

- Атың кім? - Аңсаған. - Ммм... Папаң мен мамаң қосылғаннан кейін қанша жылдан кейін туылдың? - Сегіз жылдан кейін. Оны қайдан білдіңіз? - Өзің айтып тұрған жоқпысың. - Не деп? - Аңсаған деп. Үйлене салған жылы дүниеге келгеніңде Гүлмира деп қоя салар еді ғой. - А-а-а.

Ақпарат көзі

0
0
246