Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғарғы Сот Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдары ынтымақтастығының қарқын алғанын, қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Ж.Асанов сот төрелігіне сенімді арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін жаңғырту тұрғысындағы негізгі жеті бағыт бойынша Жоғарғы Сот белсенді жұмыс атқарып жатқандығын мәлімдеді.  

Жоғарғы Сот Төрағасы электронды сот төрелігін дамыту, соттардың жүктемесін азайту, дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету және сот төрелігінің сапасын жақсарту бойынша БАӘ-нің тәжірибесіне Қазақстанның қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті.

Өз кезегінде Елші мырза «Смарт соттар» жобасының артықшылықтарын егжей-тегжейлі зерделеу мүмкіндігі, Дубай қаласындағы Халықаралық қаржы орталығы жанындағы соттардың қызметі және қазақстандық судьялар делегациясының Дубайға іссапары шеңберінде қарастыратын мәселелер туралы өз ойымен бөлісті.  

Кездесу соңында тараптар екі елдің құқық саласындағы алдағы ынтымақтастығы шеңберінде бірлескен іс-қимыл аясын кеңейтуге әзір екендіктерін жеткізді. 

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-toragasy-birikken-arab-mirlikterinin-kazakstandagy-elshisimen-kezdesti

0
0
311

Осы тақырып бойынша

Жоғарғы Сот Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті - Yvision.kz