Мазмұнға өту

Жаңа

Шығамын тірі болсам адам болып

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толғанайдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес.

Тебем деп тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
1871

Абайдың қара сөздері. Он екінші қара сөз

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып…

0
0
2308

Үнсіздік

Бір танысым қонаққа шақырды да, Топ адамның көзінше Пікір пішіп өзінше, Көңіліңді елемей аппақайдың, Досым, сені жатып кеп даттады-ай бір. Кеткен шақта әділдік заңға айналып, Ақты қара деп айту қандай набыт. Үнсіз қалдым. Өзіңді нақ сол сәтте Ақтап алар дәлелім болмай қалып. Өткен күзде билетін жоғалтып ап, Бір қарт әжей вокзалда жылап тұрды, Жылап тұрды, еңсесі құлап тұрды, Жанарында жалыныш сұрақ тұрды. Кеткен шақта ізгілік заңға айналып, Жомарттықты тұсаулау қандай набыт. Үнсіз қалдым. Қалтамда нақ сол сәтте Көк тиын болмай қалып. Өмір сансыз сауалын тартыпты алға, Кездерім бар өзімді қор тұтқан да, Мүмкіндігім жоқ сәтте мұңға батам, Үнсіз қалып отырам сондықтан да. Табиғаттың тымырсық ақпанындай, Ақпанындай, жылдардың қақпанындай, Мені осынау мейірімсіз үнсіздіктің Азабынан әрдайым са…

0
0
426

Қазақтың бас бұлшық еті

Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын, Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың. Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет, Туа алмастан келеді әлі саған ұқсас нар мүсін. Ұлтымыздың қара күші, дара күші, армысың, Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын. Беске толған шағым еді. Қасқасудың төсінде Беу, Қажеке, әкемді іздеп келген кезің есімде. Шетте жүріп мекенінің амандығын сұраған, Кезеңі еді әкемнің ол көңіл шыңы құлаған. "Туған жерден мені іздейтін бар екен деп бір адам", Құзар тауға сүйенгендей сені құшып жылаған. Сен әкеме жігер беріп, мейіріміңнен от өріп, "Мына ұлың палуан болсын!" дедің мені көтеріп. Жә, палуандық қайда маған, нәзік, жұқа кескінмен, Жел үрлесе құлайтындай қауқарсыз боп өстім мен. Бұл не тағдыр, сусыз көлдің қоғасындай мәні кем, Тән қуатын күйттеге…

0
0
1065

Мамандықты өзгерту ешқашан кеш емес

Кез-келген жаста мамандықты өзгертуге болады, алайда уақыт өткен сайын жаңа нәрсені үйрену және жұмыс берушілерге тәжірибе ең бастысы емес, ең бастысы - жұмысқа ұмтылу екенін түсіндіру қиын. Сондықтан, кәсібіңізді өзгерту туралы ойларыңыз болса, оны кейінге қалдыруға болмайды, қаншалықты шешімді ертерек қабылдасаңыз, соншалықты жеңілірек болады. Ал мамандықты өзгерткенге дейін 10 нәрсе істеу керек.Мәселен, жұмыстан босату туралы арыз жазбастан бұрын, сізге жақсы дайындық пен бірнеше мәселені ойлану керек. Болашаққа жағымды көзқарас - егер адам бір нәрсені қаласа, ол оған қол жеткізеді, бірақ кем дегенде неге жету керек екенін білу керек. Және бұл үшін өзіңізді түсініп, не ұнатпайтыныңызды және өзіңізге шын мәнінде не қажет екенін түсіну керек.1. Өзіңізге ұнамайтын заттарды анықтаңызСізге…

7
4
3548

Абайдың қара сөздері. Он үшінші қара сөз

Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылы…

0
0
1947

Абайдың қара сөздері. Он төртінші қара сөз

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр ж…

0
0
1041

Головкиннің 2018 жылғы келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канеломен» кездесуі ойдағыдай өткен жағдайда, оның негізгі мақсаты WBO орташа салмағы бойынша әлем чемпионы британдық Билл Джо Саундерс болады, деп хабарлайды Sports.kz.Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, 5- мамырда өтетін екінші кездесуден кейін Сауль Альвареспен үшінші кездесу туралы келіссөздер әлі жүргізілген жоқ.«Үшінші кездесу екі жақтан да талқыланбаған нәрсе. Эрик Гомес пен мен екінші кездесу туралы ғана келістік. Үшінші кездесуге қатысты келіссөздер мағынасы болмады. Біз үшінші мәрте кездесудің мағынасы бар-жоғын, екінші кездесуде жеңген боксшы шешсін деген тұжырымға келдік. Егер трилогияның үшінші бөлігі болса, онда оны дереу ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда келесі қарсылас Билли Джо Саундерс болады», - дел…

0
0
360

БАӘ-не барар алдында білуіңіз керек мәліметтер

Дипломаттың айтуынша, бұл мәліметтерді білу сапар кезінде жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға септігін тигізеді.«Сіздер білетіндей, 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктеріне визасыз режим ашылады. Осыған байланысты сіздерге БАӘ-ге сапары кезінде білу және ұстану қажет жалпы ережелер мен практикалық ұсыныстармен таныс болып, оларды ұстануды сұраймыз», - деп жазды елші.Дипломат жол жүру құжаттарының жарамдылығын тексеруді ұсынады, паспорттың жарамдылығы сапар аяқталғаннан кейін алты айдан аз уақытқа болмауы тиіс.«Шекарадан өту кезінде Қазақстанның барлық азаматтары жеке паспорты бар және жалпы режимде паспорттық бақылаудан өтуі керек. Сонымен қатар БАӘ-нің ішкі заңнамасына сәйкес ата-аналарымен (қорғаншыларымен) бірге Әмірліктерге бара жатқан балалар шекараны к…

0
0
453

Ілініп түн тұр тауларға

Дамылдап тірлік қалған ба?!

Алыстан оттар жанады

Жай таппай мына жалғанда,

Адасып жүрген арман ба?!

Жарқ етіп, кейде бір өшіп,

Бұлаңдап, шалқып, тұр есіп.

Сөндірмек болған самалмен,

Сөнгісі келмей күресіп.

Бір жанады оттар, бір өшіп.

Адасып жүрген боларсың,

Отқа тарт, түнгі жолаушым!

От жанған жерде - ошақ бар,

Барарсың, мүмкін қонарсың:

Отқа тарт, отқа, жолаушым,

Жоғалсын үрей, жоғалсын!

Ұмтылып келер күндерге,

Жанады оттар түндерде.

Тіршілік барын аңғартқан,

Жанады оттар жан-жақтан,

Әкеліп үрей кімдерге,

Әкеліп үміт кімдерге

Жанады оттар түндерде.

0
0
563