Мазмұнға өту
Orken_Kenzhebek

Orken_Kenzhebek

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

26

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Жомарттық бай-бардам, ірі-алып дегенге ғана қарап қалмайды-ау.

Енді сол пәтер алғандардың арасында тағы да пәтер ұтып алуға ұтыс бар екен, билетімді алып, менің орныма бара қалшы деп өтінген. Кежегем кері тартып-ақ тұр. Екі-үш сағатымның просто өліп кететінін ішім сезіп тұр. Досым болған соң, жоқ дей алмайсың. Сенбі күні су жаңа Конгресс орталыққа барсам, менен басқа екі мыңның үстінде адам сапырылысып жүр. Бәрі үміттерін әдемілеп үкілеп алған. Әне жер құдды Тараздың тойы секілді - қос асаба ағып тұр, Мәдина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина ән салып тұр, бишілер айналып тұр, шай деген қайнап тұр, мен де состиып тұрмын. Сөйтсем, бұл ұтыс былай екен. BI Group-тан өткен жылдың 20 қарашасы мен осы жылдың 31 қаңтары аралығында пәтер алғандар ғана қатыса алатын ұтыс. Бас жүлдеге Астанадағы "7Я" тұрғын кешенінен пәтерді, Hyundai Accent көлігін және 1 миллио…

0
0
465

Мәләдес! Жарады!

Әйтеуір, өзге ұлттардың қысқы спортқа ебін келтіріп, салымын беріп қойған. Осылай сөз түрінде сылқитқанмен, Юлия Галышеваның фристайлдың могул түрінен алтынға бергісіз қоланы алуы ерлікпен пара-пар еді. Біріншіден, бұл спорт түрінен Олимпиадада алған алғашқы жүлдеміз. Екіншіден, Юлияның өзі қатарынан қатысқан үшінші олимпиадасы. Жас та кеп қалды, жастар да қуып жетіп қалды дегендей. Кеше оны басып озған екі қыз да Юлиядан жас еді. Үшіншіден, бұл спорттың дайындығы да, іріктеуі де қиын екен, құрысын. Іріктеуден өткен 20 фристайлшыны бір жарыстырады, одан кейін 12-сін алады да, одан алтауын қалдырады. Содан үшінші орынғы ілігудің өзі – бап пен бақ. Енді осы орынды өткен айда сынған қолына салынған гипспен алғанын білсеңіз, құрметіңіз арта түседі. Ал Галышеваның дайындығын қарасаңыз, АҚШ, Еу…

0
0
592

Үйтіп неғымаңыздар

Қазір смартфонның адамның он үшінші мүшесіне айналып, алақанына алақан болып жабысып қалғаны қаш-ша-ан. Ендеше, сол уақытымызды уысымыздан шығарып жатқан телефоннан бір пайда табайық та. Мысалы, Кaztube бейнеплатформасы жариялаған «Мобильный репортёр» деген байқаудан.

Ай сайын жұмыс телефонына, тфу, ұялы телефонға түсірген үздік бейне үшін депутат айлығының үштен бірін - 200 мың теңге беріп тұрады. Ол бейнені иеще Bnews және BAQ порталдарына басады дейді. Иә, сіздер үшін басты шарт - бейне салынған соң, алғашқы тәуліктерде тәуір көрсетілім жинауы тиіс. Былайша айтқанда, Kaztube.kz-ке бейне жүктесеңіз, автоматты түрде байқауға байқамай қатысып кетесіз.

Ақпанның соңында алғашқы нәтижелерін шығара бастайды, сондықтан, үлгеріп қалыңыздар!

Ақпарат көзі

1
0
332

"Әркімге бұйырғаны"

Басқа-басқа, дәл қазіргі Германияда бұл сөзді қолдансаңыз, жұртшылық қарсы шығады дей беріңіз. 1998 жылы Нокиа сыртқы панелін ауыстыруға болатын телефонын жарнамалаған кезде, осы сөзді слоган ретінде қолданған еді. Қарсы болды жұрт - алдырып тастады. Неге десеңіз, бұл сөз Бухенвальд концлагеріндегі бас қақпаның маңдайшасында жазулы тұрған еді. Жаппай өлтіруге үндейтін сөздей қабылданады әлі күнге...Тағдырдың саған не сый даярлап тұрғанын ешкім білмейді. Германиядағы келесі бір Берген-Бельзен концлагерін 1945 жылы ағылшын әскерилері азат қылғанда, толған өлікті жою үшін үлкен-үлкен ор қаздырады. Ал өліктерді тиеу үшін лагердің бұрынғы күзетшілерін мәжбүрлейді. Сонда ағылшындар әлгі күзетші әйелдердің қолына қолғап бермей қояды. Жаза ретінде. Әбден іріп-шіріген өліктерді жалаң қолмен тасыға…

0
0
467

Қандай ғажап, ә!

Керемет пиар. Пиар дегенге Timur Bektur ренжімес, сәбеттер луноходымен Айдың бетіне вымпелдерін апарып тастағанда да пиар деген әмерикалықтар. Бұл он жылдан бері жылды табыспен жаба алмай келе жатқан Теслаға пиар, алдымен. Бір мойындайтыным, біз 80-90-шы жылдары «инженер» дегенді «айлық орнына бір қорап болт пен гайка алатын ит жұмыс» деген түсінікпен қатар қойып жүргенде, орыстың да, әрине, біздің де қасымыздан әміркендер оза шауып өтті. Екі рет экипажы жанып кетсе де, ұясына қайтып қонатын шаттлдары өзін ақтады-ау, 30 жылда 135 рет ана жаққа барып-қайтты. Технология жағынан ақтады. Қаржы жағынан ақтамады – ол үшін шаттл жылына кемі 30 рет ұшу керек еді. Мұндай технологиялық жолды НАСА салып бергенде, Илон Маск оны дамытпай, ақымақ болып па? Кеше Falcon Heavy-дің «батарейкалары» жерге қа…

0
0
428

Ең соңғы жаңалықтар

Жасасын, сауаттылық! Ержан Рашев Фэйсбукті қойып, Вконтактедегі үздік посттарды да көшіріп бастады. Жасасын, ұрлық! "Рухани жаңғыру" бағдарламасына жауаптылар өзінің шоу-поп әншілердің концертіне жапсырылған логотиптер үшін жауапты екенін біліп қойды. Жасасын, жаңғырық!

Ақпарат көзі

0
0
272

«Нұр Отанға» екі жіппен байланған екенмін

Бұл ақ жіп. Екіншісі – партияның Саяси менеджмент мектебінде сабақ беремін. Бұл қызыл жіп. Алғашқысы – альтуристік, кейінгісі – коммерциялық негізде дегенім ғой) Ал партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесуге сарапшы ретінде сыйлап шақырған екен. «Шақырған жерден қалма» деген.Әлгі мен айтқан Саяси менеджмент мектебі енді академия болып өзгереді. Назарбаевтан басқа саяси тұлғаның бәрі сабақ, соңынан диплом беретіндей мәртебеге көтермекші. Мұхтар мырза келген сарапшылардың бәрінің сұрағын аяғына дейін тыңдап, толымды жауабын беріп отырды. Мысалы, Зира Наурызбаева қазақ мәдениеттануының халын айтып еді, енді сол саладан томды осы жылы дайындап берсеңіз, осы жылы-ақ тегін шығарып берейін деді. Осы отырған-тұрған азаматтардан партияның Сарапшылар кеңесін құрсақ деді.…

0
0
355

Екінші болма

Бұл Куаныш Шонбай мырзаның өзін-өзі дамыту бойынша авторлық семинарының турбогенератор қосып, күшейтілген, фэйслифтинг жасалып, толықтырылған нұсқасы. Мейірбек Жұмабеков (Meirbek Zhumabekov), Aina Dosmakhambetkyzy, Eskendir Bestai секілді білімі мен парасаты менікінен бір елі семіз мамандармен бір сахнада дәріс беріп, арасын тапсырмалармен қалап отыруға тырыстық. Мұнда не айтылмады дейсіз? - қанағат пен жалқаулықтың айырмасы, ұяңдық пен ынжықтықтың арасы, мотивация мен шабыттың өзгешілігі, жалпы жетістікке жету мен сіздің араңызды бөліп тұрған сүйкімсіз қылықтар мен одан арылудың айласы, фокусты ойлау мен енжарлы ойлауға үйрену, жалпы үйрену мен ұмытудың табиғаты, әлеуметтік желіде тұлға қалыптастыру тәсілдері және т.б. Өз басым осы семинарда адамның үш миы бар дегенді естіп, Қуаныштың ЗА…

0
0
1865

Біздің ішімізде кішкентай Эскобар жатыр...

Әлгі Пабло несімен әйгілі болған десеңіз, тасы өрге домалап тұрған кездері Колумбиядан АҚШ-қа тонналап кокаин тасып, аптасына 420 миллион доллар тауып тұрған. Әлемдегі ең бай адамдардың жетілігіне кірген. Ақшасының көптігі соншалық, жер астына, үйдің шатырына тыққан бүкіл долларының кемінде 10 пайызын тышқандар кеміріп отырған.. 400 көңілдесіне бөлек қалашық салдырған. Осы арам байлығымен енді Колумбияның президенті боламын деген бір-екі адал шенеунік қарсы шығып, арманына жете алмай қалады. Осыған ыза болған Эксобар өкіметке қарсы соғыс ашады. Әуедегі ұшақты да жарады, президент болуға басты үміткерді де өлтіреді, бала демейді, әйел демейді, жалпы саны он мыңдай адамды өлтіртеді.Сонда қарасам - Паблоның түбіне жеткен тәкаппарлық екен. «Считайте меня богом. Потому что если мне кажется, чт…

0
0
379

Тəуелсіздік жылдарында...

12 олимпиадаға қатыстық, Қазақстанның өнімі 100 елге сатылып, 180 елмен дипломатиялық арнаға түстік, 1500 мектеп, 2500 балабақша ашылды, оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардан кемі 2000 алтын медаль алып келді, əр 80 секунд сайын бір қазақстандық өмірге келеді, 120 млн шаршы метр баспана берілді, біздің орташа өмір сүру ұзақтығымыз 4 жарым жылға ұзарды, ішкі жалпы өнім 20 есеге көбейді... Туу, тағы не бар еді, ЭКСПО, Астана, "Болашақ", Тальго, жолдар... Бұның бəрін қойшы, тұрмыстық игілік те. Бастысы, өз қолымыз өз аузымызға жетті. Азатпыз. Қадамызды қағып бітіп, мосымызды іліп, етімізді қайнатып қойып, көрпеміздегі жыртығымызды жамап отырмыз. Тəуелсізбіз. Күнəмізге тəубе қылдық. Нығметіңе шүкір еттік. Көп жазуға болар еді, былай түсіндіңіздер ғой ниетімді)Тағы не қосасыздар? Тəуелсізді…

0
0
278