ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
0

Неге тынышталып қалдыңдар

Инстаграмда да фейсбукте де сайттардан көп жазып жатыр. Ең алдымен алаңдап, жаңалық күтіп, Қанат Исламды іздеп жатқандарыңызға рақмет айтқым келді. Бізде жаңалық көп. Өте көп. Сіздер асыға күтіп жүргендеріңіз сияқты біз де сіздерге тезірек айтқымыз келеді. Бірақ, талаптар бойынша әзірге тыныштық режимін қосып қоюға тура келіп тұр. Айта кетуге болар мәселе Верамен болатын жекпе-жектен Қанат Исламның өзі бас тартқан жоқ. Бас тартты деген ақпарат қайдан шыққанын, кім айтқанын анықтап жатырмыз. ҚАЗАҚ Верамен кез-келген жерде кез-келген уақытта шығуға дайын. Біз Верадан да мықты қарсыластарға дайынбыз, қаншама рет жекпе-жекке де шақырдық. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Біз сіздерді қатты құрметтейміз, жылы пікірлеріңізді оқып отырамыз. Қазір жаттығудың екінші кезеңіне көштік. Күніне 3 сағат жаттығып, қорғанысқа көп көңіл бөліп жатырмыз. Бұйыртса, биік белестерді бірге бағындырамыз. Біздің мақсатты сіздер жақсы білесіздер. Жақсы жаңалықты күтіңіздер! Жақында жанкүйерлерді қуантамыз!
#teamQAZAQ #kanatislam

Ақпарат көзі