Басқа-басқа, дәл қазіргі Германияда бұл сөзді қолдансаңыз, жұртшылық қарсы шығады дей беріңіз. 1998 жылы Нокиа сыртқы панелін ауыстыруға болатын телефонын жарнамалаған кезде, осы сөзді слоган ретінде қолданған еді. Қарсы болды жұрт - алдырып тастады. Неге десеңіз, бұл сөз Бухенвальд концлагеріндегі бас қақпаның маңдайшасында жазулы тұрған еді. Жаппай өлтіруге үндейтін сөздей қабылданады әлі күнге...
Тағдырдың саған не сый даярлап тұрғанын ешкім білмейді. Германиядағы келесі бір Берген-Бельзен концлагерін 1945 жылы ағылшын әскерилері азат қылғанда, толған өлікті жою үшін үлкен-үлкен ор қаздырады. Ал өліктерді тиеу үшін лагердің бұрынғы күзетшілерін мәжбүрлейді. Сонда ағылшындар әлгі күзетші әйелдердің қолына қолғап бермей қояды. Жаза ретінде. Әбден іріп-шіріген өліктерді жалаң қолмен тасығанда сүзек жұқтырсын дегені ғой. Расымен, күзетшілердің көбісі осыдан кейін ауырып, қайтыс болыпты.
"Әркімге бұйырғаны"... Ауыр сөз, ә?