Қандай ғажап, ә!
Керемет пиар. Пиар дегенге Timur Bektur ренжімес, сәбеттер луноходымен Айдың бетіне вымпелдерін апарып тастағанда да пиар деген әмерикалықтар. Бұл он жылдан бері жылды табыспен жаба алмай келе жатқан Теслаға пиар, алдымен.
Бір мойындайтыным, біз 80-90-шы жылдары «инженер» дегенді «айлық орнына бір қорап болт пен гайка алатын ит жұмыс» деген түсінікпен қатар қойып жүргенде, орыстың да, әрине, біздің де қасымыздан әміркендер оза шауып өтті. Екі рет экипажы жанып кетсе де, ұясына қайтып қонатын шаттлдары өзін ақтады-ау, 30 жылда 135 рет ана жаққа барып-қайтты. Технология жағынан ақтады. Қаржы жағынан ақтамады – ол үшін шаттл жылына кемі 30 рет ұшу керек еді. Мұндай технологиялық жолды НАСА салып бергенде, Илон Маск оны дамытпай, ақымақ болып па? Кеше Falcon Heavy-дің «батарейкалары» жерге қайтып қонғанын біраз жұрт революция деп жатыр. Кезінде шаттлдың бүйіріндегі алғашқы кезеңнің бустерлері де қайтып қонатын, қателеспесем. Маск бұл салада пионер емес. Бірақ, ол парашют пен қанатқа сүйенбей, бустердің өзін жеке зымыран күйінде қайтаруды жүзеге асырды. Зымыранның жерге жайлап қонуы да 1969 жылы сыннан өткен іс, если шо.
Бірақ, мен осы істің бәріне қазақ ретінде қуанамын. Неге дейсіз бе? Бізде Ақтөбе және Қостанай облыстарының шекарасында 63 мың гектар жерді орыс зымырандарының оты таусылған бустерлерін құлатуға бөлген еді. Бұрын Жезқазған жақта құлаушы еді, ауыстырды ғой әрең. Ал бұл жердің улануы, одан кейін қырғын шығын еді орыстарға да, экологиялық сараптамасы бар, қалдықтарды өңдеу бар... Масктің технологиясы бойынша бұл мәселе өз-өзінен жоғалады – бустерлер енді құламайды, олар қайтып келіп, қайта ұша береді. Сондықтан, мен Масктың зымыран жасау әдісі «Роскосмостың» ескі-құсқысын өндірістен алып тастауға дейін апарса деп тілеймін және тілеймін. Сіздер де тілеңіздер...
Илон Маск қандай сандырақ болып естілсе де, Жерден адамды алыс планеталарға алып кету бойынша Циолковскийдің ойын жалғастырып келеді. Космонавтикаға екінші дем берді осы ісімен. Мәләдес, не дегенмен!
Ақпарат көзі
