Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Бұл не, тағы тағдыр ма?

Содан кабинетте тұра қалып суретке түскенмін. Не түлен түрткенін кім білсін, оны әкеп мында салып қойдым. Истаграмнан жер ауып келген «босқын» бауырлар құсап, сүйкімді қарындастарға ұқсап аты-жөні жоқ сурет сурет салмаушы едім. Бұл жолы не болғанын білмеймін. Құдай біледі, ылғи джинсы шалбармен, футболкамен далақтап жүре беретін болғасын, өзім өз болып кастюм-шалбар кигенімде, осы бір ғанибет қалпымды достарым да білсін дедім-ау деймін. Енді сурет құры тұрмасын деп астына мына жазбаны тіркеп жіберіп отырған жайым бар. Қызық иә. Жалпы адамның өмірге келгендегі мақсаты не? Бір мақсат. Бірақ, әр адамның тағдыры әртүрлі. Гүлдің де мақсаты біреу. Және әр гүлдің де өз тағдыры бар. Қып-қызыл раушан гүлі қайда баруы керек еді. Қызға. Онда да он сегіздегі үлбіреген қызға. Құрсын, әлгібір сериялдың рекламасындағы «сатып жүргені гүлдесте, өзі де гүл емес пе» деген сөздің есіме түсіп кеткенін қарашы. Сол айтпақшы, өзі де гүлдей қызға сыйлануы керек. Сексен пайыз солай да шығар. Бұ бейшарардың миы, ойы, санасы болса, өздері де солай ойлар еді-ау. Қызға сыйланамыз деп. Ал, мына гүлдің тағдыры күтпеген жерден басқа тарапқа бұрылды. Қарияға, абызға сыйланды. Жәй шалға сыйланса өкінішті болар еді. Ішіміз ашитын еді. Олжастай әлемдік тұлғаға сыйланғасын не деген бақытты гүл еді деп айтпасақ та, тәлейін қарашы-ей дедік. Әйтпесе, зат есімді білмейтін жігіт сын есім мен сан есімді айыра алмайтын қызға сыйлауы да мүмкін еді-ау. Онда да бақытсыз болмас еді. Жігіт сыйлады ма, жігіт сыйлады. Қызға сыйлады ма? Қызға сыйлады. Болды емес пе. Өмірлік миссиясы орындалды. Енді смело сола берсе болады. Жә, біз Олжас ағаның қолына ұстаттық. Одан кейінгі жолы қалай жалғасты екен ә?. Олжас ағаның гүл көтеріп жүрмесі анық. Жанында отырғандардың біріне берген шығар, ол кісі үйіне әкеткен шығар... Мүмкін сол ГАТОБтың техничкасына бұйырды ма екен. Әлде, техничка технично алып шығып бара жатқанында одан үлкенірек қызметкер алып алды ма екен. Ощым ұшығына жетпейсің. Бұл гүлдің тағдыры. Қызға сыйланатын гүл, қарияға сыйланып кете барды. Енді мынаны қараңыз. Мына жақта төрт жігіт құрылыс жүргізіп жатқан. Кеше бесіншісі келді. Алдыңғы төртеуі құрылысшы деуге келеді. Менікі сияқты мыжырайған, әжім басқан түрлері де, тұрпаттары да. Кеше бесіншісі келді. Ананы көріп аңырып тұрып қалғансың ғой. Мына гүл сияқты кәдімгі. Баланың түрі түр-ақ енді. Фактура деген жатыр ғой, итіңде. Кәдімгі Исуп Мироғлының рөлін ойнаған Кенен Өмірзақұлы. «Асау жүректі» көрмегендерге түсініктірек болу үшін айтсақ, Мүсілім Тәуекелдің өзі болмаса да, соған жетеқабыл. Құдай аз-кем талант беріп, жолы ашылып-ақ кеткенде, жұлдыз болып жарқырап жүретін-ақ жөні бар. Енді қарашы, кірпіш қалап жатысын. Тағдыр ғой. Ал, енді кірпіш қалайтын-ақ жөні бар кейбір жігіттер жүр ғой жұлдыз болып. Тағдыр иә. Осы менің елде нем бар? Алдымен өзімді жөндеп алсамшы. Егер осы бір аз-кем тілім болмаса, қай жерде не істеп жүретінімді бір Құдайдың өзі білсін. Сансыз шүкір, сансыз тәубә. Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір. P.S. Өмірімде бірінші рет ешқандай сөзсіз, себепсіз бір сурет салып едім, оның өзі қыртып кетті. Қыртсың, Биконай-Бикош)))

Ақпарат көзі

0
0
769

Осы тақырып бойынша

Бұл не, тағы тағдыр ма? - Yvision.kz