Мазмұнға өту

Жаңа

ҚазҰУ-дағы мұражайлар

Орыстың көрнекті ғалымы А.В. Луначарскийдің «Музей адамзаттың ғажайып естелік кітабы» деген ұлағатты сөзін ескергендей, іргетасы сонау 1933жылдары қаланған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында мұражайлар қоры жеткілікті. Атап айтқанда, · Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы музейі· Әл-Фараби мұражайы· Биологиялық мұражай· Қазақстанның палеолит мұражайы· Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиялық мұражайы· Шығыс мұражайларыӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мұражайы - университеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани - идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл орталық - ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланы…

0
0
1819

ҚазҰУ- білім мен инновация мекені

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дай…

1
1
496

Спорт - денсаулықтың негізі

Дені сау ұрпақ баянды болашақпен, тамырлы тарихтың кепілі. Денсаулық деп аталатын атаулы сөзді алпысқа тақаған ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздан ғана есітеміз. Қазіргі күнде, деннің саулығын салауат тұтпайтын жастар қауымының көбейгені де бұл. Сау ұрпақтың саулығын тілеген, бәсекеге қабілетті жастардың ерте опық жеп, көше кезіп, дала тінтіп кетпеудің алдын алу жолында елімізде біршама жұмыстар мен қызметтер атқарылып, бағдарламалар халыққа жол тартып, жастар тарапынан ұтымды қолдау күтіліп жатыр.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- дені сау жастардың негізін қалаушы ретінде спорттық орталық (спорт комплекс) ашылып, салтанатты түрде салауатты жастарға қызмет етуде.Спорт орталығы- қара шаңырақ жастарының белсенді өмір кешуі үшін қызметке асады. Ол университет студ…

0
0
625

Құрметті талапкерлер, мектеп ұясынан енді ұшқан түлектер, ата-аналар!

Біз сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология бөліміне құшағымызды айқара ашып, зор қуанышпен шақырамыз. Психология бөлімінің студенті болу - бұл өміріңіздегі өте сәтті шешім және жауапты іс. Жалпы біздің университет - халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар негізінде білім беретін, жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшы, еліміздің ең үздік университетердің бірі. Осы университетті, соның ішінде психолог мамандығын таңдау арқылы Сіз өз өміріңіздегі үлкен жетістікке жол бастайсыз. Философия және саясаттану факультетінің құрамындағы жалпы және қолданбалы психология кафедрасы – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ең жоғары кәсіби деңгейдегі психолог мамаңдарын даярлайтын ipi білім және ғылым орталығы болып табылады. Унив…

0
0
1047

Ел дамуының жарқын үлгісі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтан қазақстандықтардан қолдау тапқанқандығы оның заманмен түйісетіндігін байқатады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі деп баға беруге де болады деп есептеймін. Мақалада өзіміз байқағандай сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Ел Басшысы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін, болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Тұңғыш През…

0
0
1078

Чемпиондар лигасы қыза түсуде

Осы маусымның УЕФА чемпиондар лигасының финалына адам сенгісіз керемет ұйымшылдықпен, асқан жылдамдықпен Каталондықтарды ойсырата жеңген ағылшындық Ливерпуль командасымен осы маусымда бас жүлдеге кім таласқа түсетінін жуырда білетін боламыз. Тоттенхэм және Аякс арасындағы кездесу тартысты әрі өте жоғары деңгейде өтпек.1 ұпаймен алда келе жатқан голландиялық Аякстың жаттықтырушысы құрамындағы жас буындардың рухын көтеріп,екі бірдей алпауыт команданы жеңген болатын.Ендігі алда болатын қарымта матч финалға қай команданың жолдама алатынын анықтайтын болады.Еске сала кетсек,Тоттенхэм командасының ойыншысы Харри Кейн бүгінгі болатын матчтан бір апта бұрын медициналық тексеруге сұраныс жіберіп,ойынға өзінің дайын екенін айтқан. Ал Аякстың құрамында өзгерістер байқалмайды. Дегенмен бұған қарамаст…

1
0
346

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ 1 сынып оқушыларымен „Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс„ іс-шарасы өткізілді. Еліміздің болашағы — кішкентай бүлдіршіндерге Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтылды. Сонымен қатар, балалармен ойындар да ойнатылды. Ойын барысында ұл балалар нағыз батырлардың соғыс көлігі — танкты, ал қыз балалар Мәншүк пен Әлиядай батыр апалары сияқты соғыс қаруы — автоматты құрастырды. Соғыс кезінде ұрыс даласына ауыз су жеткізу де оңайға соқпайтыны белгілі. Сол сәтті сәл де болса сезініп, ойыншық машинамен су толы стақанды бір жерден екінші жерге төкпей-шашпай жеткізуге тиіс болды. Балалар барлық сынықтан сүрінбей өтті.…

0
0
671

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар. Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!». Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі. Ұйымдастырушылар форумға 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшыл…

0
0
515

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ғылыми-кеңес отырысы өтті

2019 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ғылыми-кеңес отырысында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен «Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде университет студенттері арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары талқыланды.

Шара барысында сауалнама қорытындысы бойынша іс-шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

1
0
456

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар, деп хабарлайды Форумның қоғаммен байланыс қызметі.Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында…

0
0
384