Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спорт - денсаулықтың негізі

Дені сау ұрпақ баянды болашақпен, тамырлы тарихтың кепілі. Денсаулық деп аталатын атаулы сөзді алпысқа тақаған ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздан ғана есітеміз. Қазіргі күнде, деннің саулығын салауат тұтпайтын жастар қауымының көбейгені де бұл.

Сау ұрпақтың саулығын тілеген, бәсекеге қабілетті жастардың ерте опық жеп, көше кезіп, дала тінтіп кетпеудің алдын алу жолында елімізде біршама жұмыстар мен қызметтер атқарылып, бағдарламалар халыққа жол тартып, жастар тарапынан ұтымды қолдау күтіліп жатыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- дені сау жастардың негізін қалаушы ретінде спорттық орталық (спорт комплекс) ашылып, салтанатты түрде салауатты жастарға қызмет етуде.

Спорт орталығы- қара шаңырақ жастарының белсенді өмір кешуі үшін қызметке асады. Ол университет студенттерінің сабақтары, яғни спорт сабағы бойынша жұмыс жасауымен бөлек, Алматы қалалық сайыстар, жарыстар мен бағдарламаларды орындайды. 3 қабатты орталықтың іші жаңа техналогиялар мен спорттық техникалардың жиынтығынан құралған.

Сонымен қатар, спорт комплекстегі қызметкерлер мен ұйымдастырушылардың білдей атқарар қызметтерін қоса алғанда, олар балалар үйінің жастарын арнайы алып келіп сайыстар мен белсенділігін арттыру мақсатында байқаулар ұйымдастырып отырады. Жас та болса жарым көңіл балалар үйінің балаларының мерейін үстемдетіп, қуаныш силап, сайыс арқылы өмірдің өнегесін танытады, үйретеді.

Спорт кешенінде өткізілетін жобалар арнайы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қолдауымен, бастамасымен өткізіледі. Тауға шығу, көкке қыдыру сынды шараларды да жүзеге асырып, мерейін үстемдететін осы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетініндегі спорттық кешеніміз.

Спорттық орталықта 49 спорттық бөлім жұмыс істейді және екі бөлім ҚазҰУ мұғалімдеріне арналған. ҚазҰУ төңірегінде жабық спорт кешені, теннис алаңы, шағын футбол және жағажай футбол, волейбол алаңдары бар. Одан бөлек трибуналар мен жүгіру жолдары бар стадион қызмет істейді.

Жастардың салауатты өмір кешуі мен елдің атын асқақтатуы мақсатында жасалынып жатқан бұл игіліктер жастардың болашағы мен университетіміз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің абыройы үшін деп білеміз.

Демек, біз бен сіз білім алып отырған қара шаңырақ білім алуға зор мүмкіндіктер сыйлауымен қатар, болашағыңның айқын бейнесін салып, дені сау ұрпақ ретінде биікке самғатады.

Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К., Баймолдина Л.О.

0
0
590

Осы тақырып бойынша

Спорт - денсаулықтың негізі - Yvision.kz