Қазақстанда 170 мың отбасы жаңартылған АӘК алды
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады.Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 13 мамырына дейін «Е-халық» жүйесі арқылы барлығы 230 032 өтініш (1 242 954 адам) қабылданды, оның ішінде 181 652 (973 624 адам) жаңа өтініш. 48 380 отбасыға (269 330 адам) бұрын тағайындалған сомаларға қайта есептеу жүргізілді.Өтініш берушілердің басым бөлігі келесі өңірлерде байқалады: Түркістан облысында – 54 723 отбасы, Шымкент қаласында – 31 084 отбасы, Алматы және Жамбыл облыстарында 24 443 және 24 029 отбасы тіркелген.Бүгінгі күні 169 770 отбасыға жалпы құны 25,3 млрд.теңге болатын жаңартылға…