Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ғылыми-кеңес отырысы өтті
2019 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ғылыми-кеңес отырысында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен «Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде университет студенттері арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары талқыланды.
Шара барысында сауалнама қорытындысы бойынша іс-шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
