ҚазҰУ- білім мен инновация мекені
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.
Университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.
Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымынан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.
Университет қабырғасында күн сайын студенттердің тәжірибелік шыңдау мақсатында көптеген конференциялар мен статрап-клубтар өткізіліп, тұрады. ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылды. Университеттің «Аl-Farabi university - smart city» жаңа моделінің түп негізінде ұлы ғалым әл-Фарабидің парасатты қала туралы ілімі жатыр. Әл-Фараби қайырымды қала трактаттарында әділ әрі ізгілікті сипаттап, оны қайырымды қала деп атаған. Оның басты белгілері рухани байлық және өмір сүруді жақсарту жолында әріптестік екені айтылады. Осы жерден қазіргі заманмен үндестік шығады: ХХІ ғасырда университеттік қалалардың орта жағдайы инфрақұрылымдар арқылы ғана емес, қаржылық және материалдық қорымен де белгіленеді. Заманауи университеттер жоғары рухани-адамгершілік деңгейде және өнегелі даму жолында болуы керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында «Инновациялық Технологиялар Паркі» (Tech Garden) атты инновациялық кластер құрылды. «Кселл» мобильді байланыс операторы «Tech Garden» фестивалінің серіктесі болды.
Іс-шара аясында әйгілі кәсіпкерлер мен сарапшылар сөз сөйлеп, show case технологиясы, воркшоп және мастер-класс өткізілді. Фестивальдің шыңы ретінде ақылды орта, ақылмен жүргізілетін өнеркәсіп, таза және сау қала мен e-сауда мен бұқаралық ақпарат құралдары атты іс- шара өтті. 4 бағыт бойынша жасалынған стартап-жобаларынан жарыс болды. Жақында студенттер арасында өткізілетін кезекті стартап жобасы басталды. «Open Faculty Case Competition Стартап байқауына» кез келген аймақатардан жастар мен студенттер қатысты. ҚазҰУ-дың атынан шыққан бірнеше студент тобы жарыстың финалына өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Бұл оқу ордасында оқып жүрген әрбір студентті табысты әрі жарқын болашақ күтіп тұр.
Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К., Баймолдина Л.О.
