Чемпиондар лигасы қыза түсуде
Осы маусымның УЕФА чемпиондар лигасының финалына адам сенгісіз керемет ұйымшылдықпен, асқан жылдамдықпен Каталондықтарды ойсырата жеңген ағылшындық Ливерпуль командасымен осы маусымда бас жүлдеге кім таласқа түсетінін жуырда білетін боламыз. Тоттенхэм және Аякс арасындағы кездесу тартысты әрі өте жоғары деңгейде өтпек.1 ұпаймен алда келе жатқан голландиялық Аякстың жаттықтырушысы құрамындағы жас буындардың рухын көтеріп,екі бірдей алпауыт команданы жеңген болатын.Ендігі алда болатын қарымта матч финалға қай команданың жолдама алатынын анықтайтын болады.Еске сала кетсек,Тоттенхэм командасының ойыншысы Харри Кейн бүгінгі болатын матчтан бір апта бұрын медициналық тексеруге сұраныс жіберіп,ойынға өзінің дайын екенін айтқан. Ал Аякстың құрамында өзгерістер байқалмайды. Дегенмен бұған қарамастан екі команданың да финалға шығуға мүмкіндіктері бар.М.Почеттиноның айтуынша осы чемпиондар лигасынан кейін Тоттенхэмнен кетіп, басқа команданы жаттықтыруға бел байлаған көрінеді. Мұндай керемет көрсеткіштерден кейін Аякстың екі бірдей ойыншысын жазғы трансферде сатып алуға Барселона,Бавария өз қызығушылықтарын білдіріп отыр."Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды".Бұның барлығын уақыт көрсете жатар.Ертең сағат 00:50-де Қазспорт телеарнасында Аякс пен Тоттенхэм арасында кездесуді жіберіп алмаңыздар.
