ҚазҰУ-дағы мұражайлар
Орыстың көрнекті ғалымы А.В. Луначарскийдің «Музей адамзаттың ғажайып естелік кітабы» деген ұлағатты сөзін ескергендей, іргетасы сонау 1933жылдары қаланған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында мұражайлар қоры жеткілікті. Атап айтқанда, · Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы музейі· Әл-Фараби мұражайы· Биологиялық мұражай· Қазақстанның палеолит мұражайы· Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиялық мұражайы· Шығыс мұражайларыӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мұражайы - университеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани - идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл орталық - ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланы…