Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда бүгін түстен кейін тағы жер сілкінді

Бүгін күндіз Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБ және ЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінді таратылған хабарламада.

Соның әсерінен Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.

0
0
580

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын азаматтарға метериалдық көмек беріле ме?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елімізде зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі деген ақпарат тарады. Осыған байланысты хабарлама жариялаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді."Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз.Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.Жалған ақпаратты тара…

0
0
147

Ясауидің Вашингтоннан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды.Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.«Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде.«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды ізд…

0
0
261

Экология министрі елімізде киік атудың қашан тоқтайтынын айтты

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев буаз киіктердің атылуына қатысты пікір білдірді. Фотоколлаж: uralskweek.kz-Бұған дейін ақбөкен ату науқанының арасында буаз жануарлар да кетіп қалып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты жауап берген Ерлан Нысанбаев бұл жағдайға қалыпты деп қайрайтынын аңғартты. «Аңдардың көбі қыркүйек пен қараша аралығында күйлейді. Дүниежүзінде жалпы аңшылық кезеңі көптеген аңдардың көбейетін кезіне дөп келеді. Біз биологиялық, ғылыми негіздеме аясында аңшылық жасап жатырмыз. Осы ақпанның 20-сынан бастап киік атуды тоқтатамыз», — деді ол.Министр киіктің өсімтал жануар екенін, 2025 жылы оның саны 4,5 млн бастан асатынын жеткізді.«Тек буаз киікті атып жатырмыз деуге болмайды. Онда елік атуды, бәрін тоқтатайық. Жалпы аңшылықты…

0
0
315

Алматыда түнде қалай жер сілкінгенін көрсететін видео тарады

Алматыда жер сілкінісі қалай болды?

Жер асты дүмпуінің Көктөбеден түсірілген видеосын мына жерден көріңіздер.

Еске салсақ, 23 қаңтарда сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Соның әсерінен Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл дүмпу сезілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.

0
0
263

Зілзала салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспары түзетілуге тиіс - Әлихан Смайылов

Бүгінгі үкімет отырысында күн тәртібіндегі мәселеден тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 23 қаңтар сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Нәтижесінде Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл болып сезілген бірқатар сейсмикалық дерек тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.ТЖМ-де дереу республикалық жедел штаб құрылып, осындай штабтар аумақтық деңгейде жұмыс істеді. ТЖМ психологтарын тарта отырып, «жедел желі» телефондары ұйымдастырылды.Өңірлерді азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындықта жұмыс істеді, командалық-штабтық машиналар орналаст…

0
0
332

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен хуситтеріне әуеден кезекті соққы берді

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады.

ВВС-дің жазуынша, соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Йемендік ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар елдің астанасы Санаға және басқа аймақтарына да жасалды.

Иранның қолдауындағы хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін негізгі сауда жолы бойындағы Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алды.

Біз екі алып елдің Йемен хуситтеріне қарсы соққыны қашан және не себепті бастағанын бұрынырақта жазғанбыз.

0
0
244

Жер сілкінісі Алматымен қатар тағы екі мегаполис пен бес өңірде сезілді

Түнде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде.Фото: әлеуметтік желіҚР ТЖМ хабарлауынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1. MPV магнитудасы 6.7. Эпиорталықтың координаттары 41.22° с. е. 78.65° ш. б. тереңдігі 5 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл.Сонымен қатар, Астана қаласында, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.ТЖМ дағдарысты жағдайларды басқару орталығының базасында төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіпте ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс жүргізуде. Бейнеконференцбайланыс режимінде қа…

0
0
267

Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді

Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті.Фото: facebook.com/Асхат ҚасенғалиТөтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.Ал тұрғындар шошып, далаға шығып кеткен.https://www.fac…

0
0
273

"Долб...сың ба?" Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге оның өз тілінде жауап берді

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілі қысым көріп жатыр" деген мәлімдемесіне қазақтың белгілісі де, белгілі емесі де жабылып жауап беріп жатыр. Бірақ соның сөзін сөз деп қайтеміз дейтіндер де бар.Ал Канделакидің өзі ақыл-ойын жоғалтқан мәңгүрт туралы айтатынды шығарыпты. Нақ осыған қазір Түркияда жүрген Бекболат Тілеухан ағамыз видео жазып, жауап берген. "Блогерлер мен қарапайым желі қолданушылары орыс тілін ығыстырумен айналысып жатпағанымызды айтып, жауап берді. Біз ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді лайықты орнына қайтаруға тырысып жатырмыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, бекеттерге, көшелерге, қалаларға қандай атау беру керегін әр елдің өзі шешуге құқығы бар. Бұған жауап ретінде ақыл-ойын жоғалтқан "мәңгүрт" туралы айта бастадыңыз. ...Сіз күллі қазақты мәңгүрт…

0
0
952