Мазмұнға өту

Жаңа

Жүйені түбегейлі жаңарту қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары туралы

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті."Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс", – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, құқықтық сауаттың төмен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуына әкеп соқтырады."Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді. Қоғамд…

0
0
234

Немере мен жиен дауы тағы басталды

Ұлдан туғанды немере, қыздан туғанды жиен дейді. Болды емес пе? Солай деп сонау ата-бабадан солай келе жатыр. Жоқ, соған ешкім бас ұрғысы келмейді.Коллаж: qazaly.kz-Міндетті түрде бүйректен сирақ шығарып отыру керек. Әлде бұл хайп қуу ма?Сөйтіп, жақында осы мәселе бойынша кезекті бір даудың шеті шықты. Журналист Дәурен Сейітжанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына видео салып, онда былай депті:«Жақында Жанар Айжановадан сұхбат алған болатынмын. Сонда Жанар апам қызы Айжұлдыздың баласын немерем деп, «өзім бағып-қағып жатырмын деп» айтып қалды. «Немере жаннан тәтті» деп. Соны тыңдаған көптеген адамдар «Қыздан туған бала немере болмайды. Жиен деп айтады» деп сөгіп жатыр. Негізі Жанар апаныкі дұрыс. Қазақ өз перзентінен, мейлі ұл, мейлі қыз болсын, туған нәрестені немере деп атаған. Бертінде ға…

0
0
473

Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды. Онда прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық жағдайда өткізуді сұрады.Фото: kaz.tengrinews"Жоғарғы соттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі", — деді прокурор.Судья про…

0
0
215

Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды.Фото: tengrinews.kz«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.Атырау облысында — 1 учаске «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 шақырымы, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы. Жетісу облысында — 1 учаске «Үшарал-Достық» жолының 84-184 шақырымы, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске «Атырау-Орал» 375-492 жолының шақырымы, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 шақырым. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 шақырымы, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 шақырым. «Атырау-Орал» жолының 189-371 шақырымы, Атырау облысы шекарас…

0
0
335

Ресейлік ғарышкер Астананы орбитадан тамашалады

Ол Қазақстанның бас қаласын жүрекке ұқсайды дейді.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы біздің елорданың орбитадан түсірілген фотосын көрсетті. Халықаралық ғарыш станциясының терезесінен түнгі астананы ресейлік ғарышкер Олег Кононенко түсіріп алған.

«Түнгі уақытта әр қала өзінше өзгереді: бірі түн жамылып «ұйқыға» кетсе, бірі жұлдыздан асып жарқырап тұрады. Қазақстанның астанасы соған мысал бола алады. Егер үңіліп қарасаңыз, қаланың кескіні шеңбердің ортасында тұрған жүрекке ұқсайды», – делінген «Роскосмос» жазбасында.

0
0
205

Амина деген аттан сақтан!

Қазақта қыздың Әмина деген әдемі есімі бар. Мәжіліс депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса Facebook-тегі парақшасына осы есімдегі "ә" әрпінен қашатындарға ашулы сөз жазыпты.

“ӘМИНА” деген әсем аттағы “Ә” әрпінен қашу, жалпы қазақ әріптерін жат санау - құлдық сана, құл тірлік!" деп жазған депутат ақын.

Бұл жазбаға пікір жазушылардың барлығы Қазыбек Исаны қолдап отыр.

"Әмина дегенде Ә орнына А қойса бүртүрлі ат болмай ма?", "Алихан деп жүр ғой енді", "Жаңа туған балаға ат қойғанда да қазақы дыбыстардан қашатын болыпты", "Әмір бәрі Амир, Әділет Адлет, Дәулет Давлет, Әлия Алия т.б. болғалы қай заман. Кеңес өкіметі тұсында қазақтардың 90 пайызының тегі мен аты дұрыс жазылған жоқ емес пе?", "Сорлылық дейді мұны" деген сияқты пікірлер жазған желі қолданушылары.

0
0
328

Владимир Рерих Германияда қайтыс болды

Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих Берлинде 67 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл суық хабарды марқұмның бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Фото: 365info«Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар,кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туғ…

0
0
236

Караокенің алдында таяқ ұстап төбелескен

Семейде жастардың караоке алдындағы жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған.

Оқиға 20 қаңтарда түнгі уақытта болыпты. Жастар төбелеске таяқ қолданған.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қолға түскен.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдар ұсталды. Олар уақытша ұстау қапасына қамауға алынды. Төбелескендер арасында қаза тапқандар жоқ», - дейді полицейлер.

Төбелестің видосын осы жерден көруге болады.

0
0
361

Италияда қолды алға көтеріп амандасуға рұқсат етілді

Италияда баяғы фашистер сияқты оң қолды алға көтеріп амандасуға рұқсат берілді.

Елдің жоғарғы соты осылай амандасуды және оны митингтерде қолдануды заңдастырып отыр. Тек бұл ишара қоғамдық тәртіпке қауіп төндірмеуі тиіс.

Қалай болғанда да, Ресей енді Украинаға араласқандай ресми Римнің де мынадай шешіміне қарсылық білдіріп, мұндағы жағдайды де реттеуге күш салуы керек сияқты.

0
0
297

«Емшек көрсету кеші болған ба?» Баянның мерейтойына барғандар оңбай сөз естіді

Кеше белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп тойлады.Жалпы, мерейтой керемет өтті деуге болады. Тек оған келген кейбір «жұлдыздардың» желі қолданушыларының сынына қалғаны болмаса. Жұртқа олардың киім киісі ұнамай қалыпты.Негізінен қазақи ортаға жақын болғандықтан шығар, Мәдина Сәдуақасова мен Жұлдыз Әбдукәрімова оңбай сөз естіген. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары жағымсыз пікірге толы.Жұрт Мәдинаға «Кеше емшек көрсету кеші болған ба? Бәрінікі «сен тұр, мен атайын» деп тұр ғой», «Іш киімді шатастырып сыртынан киіп алған ау деймін», «Омырау көрсетуден сайыс өткен сияқты. Келесі туған күнде төтен көрсетіп жарыспасаңдар болды» деп жазса, Жұлдызға «Енең, атаңның алдында көкірегіңді ашып жүргеніңді ұят көрмейсің бе? Төрт баланың анасы.... Не болып барамыз?», «Қанекей…

0
0
5259