Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2).

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан бүгінге дейін 1 алтын және 2 қола жүлдені қанжығаға басты.

Алтын медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелсе, одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлде иеленген еді.

0
0
225

300-ден аса қазақстандық туристің шет елдегі демалысы демалыс болмайын деп тұр

TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Енді осы туроператордың барлық клиенті Қазақстанға қайтарылады.

Фото: tourism-review.su- Бұл ақпаратты Қазақстан азаматтарының сыртқы туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" КҚ растады.

Дегенмен осы туроператор арқылы шетелде жүрген қазақстандық туристерге алаңдауға негіз жоқ. Туризм және спорт министрлігі туристердің елге қайтарылатынын мәлімдеді.

Аталған туроператор ел азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы есептеледі. Бүгінде шетелде бұл туроператордың 300-ден аса қазақстандық турисі бар. kaz.tengritravel.kz-

0
0
233

Елімізде жаңа министрлік құрыла ма?

Мәжіліс депутаты Арман Қалықов елімізге геология және жер қойнауын қорғау салаларын дамытуға жауапты жаңа министрлік қажет деп мәлімдеді.

Ол осы орайда премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

"Қатты пайдалы қазбаларға мүдделі мемлекеттік органдар жер қойнауын нарық еркіне жіберіп, саланы реттеуден қалды. Қазір мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік деректері бойынша ғана жүзеге асырылады", - деді Қалықов.

Депутаттың ойынша, осы сияқты мәселелерді реттеу үшін жеке ведомство қажет. Және ол Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі болғаны жөн

0
0
141

Әлихан Смайылов: «Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан елеулі үлес қосуда»

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға делегациямен келген Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан өңірлері мен Башқұртстан арасындағы өнеркәсіп кооперациясын нығайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мақсатында ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Үкімет басшысы Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Бұған 2022 жылы тауар айналымы көлемінің 10%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткені дәлел. Өткен жылдың 11 айында да арадағы сауда-саттық жақсы нәтиже көрсетіп, шамамен $24 млрд-ты құрады.«Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үл…

0
0
249

Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған

Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, комиссиялық аралау жүргізілді.Иллюстрациялық фото: bazabirs.ru-Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, 24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды. Атап айтқанда:Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (денсаулық сақтау - 1, білім беру - 8, әлеуметтік нысандар - 2);Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру - 7, денсаулық сақтау - 1, әлеуметтік нысандар - 6);Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 3);Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (денсаулық сақтау - 4);Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру - 2);Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 2, әлеуметтік н…

0
0
172

Вейптен кейін қор-қорға да тыйым салына ма?

Бүгін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов қор-қорға (кальян) қатысты мәселе көтерді. Ол қазір қор-қор ұсынатын көңіл көтеру орындары көбейіп кеткенін алға тартты.Дәулет Тұрлыханов осы тұрғыда премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады. «Қазір пайдасынан зияны көп электронды темекі, синтетикалық есірткі, энергетикалық сусын секілді зиянды заттар күннен күнге көбейіп барады. Солардың бірі – кальян. Бұл затты арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарда қойып, жастар көлікке салып алып жүретін жағдайға жетті. Кальянды қоғамдық орындарда қоюға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий болды. Тексерісті тоқтату деген - заңды бұзуға негіз емес. Ал кальянның құрамында не бар екені, не…

0
0
172

Енді вейп үшін сотталасыз

Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастыратын заңды екінші оқылымда мақұлдады.Фото: missoffice.org-Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған."Электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", - деді мәжілісмен.Мәжіліс қабылдаған заң Сенаттың қарауына жіберілді. Одағылар да вейпке тыйым салуды қолдайды деп ойлаймыз."Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда мынадай жазалар қарастырылған:- Вейп сатқаны үшін ең үлкен жаза - 50 тәулікке дейін қамау.- Елге ә…

0
0
339

Динара Шүкіжанова депутаттықтан не үшін кетті?

Бүгін Respublika партиясының тең төрағасы Динара Шүкіжанованың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Ол өзі депутаттықтан не үшін кеткенін былай түсіндірді: «Respublica партиясының тең төрайымы болып қаламын. Енді аймақтарға баруым, өндірісте жұмыс істеуім еркіндеу болады. Біз о баста партияда ауысып отыруымыз керек, партиялық тізім бойынша ротация жүруі керек деп келіскенбіз. Партияның тең төрайымы болғаныма бір жылдай уақыт өтті. Мәжіліс депутаты болғаныма да бір жылға жуықтады. Ендігі жағдай былай болып тұр: мен өндіріске оралуым қажет».

Бірақ кейбір дереккөздер Динара Шүкіжанова мен Respublika партиясының басшысы Айдарбек Ходжаназаровтың арасында келіспеушілік болған деп отыр. Ал Ходжаназаровтың өзі оны теріске шығарды.

0
0
159

Әмір - жасөспірімдер арасындағы Australian Open-нің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық!

Теннистен Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымдағы матчында қазақстандық Әмір Омарханов әлемнің жасөспірімдер рейтингіндегі 26-шы ракеткасы Хен Кимді 6:3, 5:7, 6:0 есебімен ұтты.

Ол 6:0 есебін шешуші сеттегі 19 минутта жасады. Әмір жартылай финалда Нидерланд өкілі, жасөспірімдер рейтингіндегі 25-ші ракетка Мец Роттерингпен сайысқа түсуі тиіс.

t.me/sportilinet

0
0
276

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?

Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді.

Фото: Zakon.kz-

Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ААК өкілдері қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атын өзгерту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазір Астанағы әуежайдың атын, сондай-ақ үшәріптік кодын (NQZ – ред.) өзгерту комитеттің күн тәртібінде тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының үшәріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ға 2020 жылдың сәуірінде өзгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінен экс-президенттің есімімен қоса оның алдындағы ескерткіші де алып тасталған еді.

Сондай-ақ осы айда Алматыдағы «Алмалы» метро станциясынан Назарбаевтың фотопортреті алынып тасталғаны белгілі болды.

0
0
383