Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен хуситтеріне әуеден кезекті соққы берді

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады.

ВВС-дің жазуынша, соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Йемендік ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар елдің астанасы Санаға және басқа аймақтарына да жасалды.

Иранның қолдауындағы хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін негізгі сауда жолы бойындағы Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алды.

Біз екі алып елдің Йемен хуситтеріне қарсы соққыны қашан және не себепті бастағанын бұрынырақта жазғанбыз.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен хуситтеріне әуеден кезекті соққы берді - Yvision.kz