Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Экология министрі елімізде киік атудың қашан тоқтайтынын айтты

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев буаз киіктердің атылуына қатысты пікір білдірді.

Фотоколлаж: uralskweek.kz-

Бұған дейін ақбөкен ату науқанының арасында буаз жануарлар да кетіп қалып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты жауап берген Ерлан Нысанбаев бұл жағдайға қалыпты деп қайрайтынын аңғартты.

«Аңдардың көбі қыркүйек пен қараша аралығында күйлейді. Дүниежүзінде жалпы аңшылық кезеңі көптеген аңдардың көбейетін кезіне дөп келеді. Біз биологиялық, ғылыми негіздеме аясында аңшылық жасап жатырмыз. Осы ақпанның 20-сынан бастап киік атуды тоқтатамыз», — деді ол.

Министр киіктің өсімтал жануар екенін, 2025 жылы оның саны 4,5 млн бастан асатынын жеткізді.

«Тек буаз киікті атып жатырмыз деуге болмайды. Онда елік атуды, бәрін тоқтатайық. Жалпы аңшылықты тоқтатайық. Сол себептен, әр нәрсені дұрыс түсіну керек. Егер тек киікті ғана буаз кезінде атып жатсақ, бір мәселе. Мен де оған бармас едім. Екіншіден, қазір 2,5 млн бас киік бар. Бұл өзі өсімтал мал. Былтыр мамыр айында туған ұрғашы лақ желтоқсанда күйлейді. Сонда 7 айдан кейін күйлейді. Қараңыздар, бүгіннің өзінде 2,5 млн бас бар. Оның теріс ықпалын диқаншылар көріп отыр. Биыл, келесі жылы не болады? Биыл мамыр айында 40 пайызы төлдейді. Ол үйдің қойы сияқты емес. Күйлісі ғана төлдейді. Биыл 40 пайыз есеппен алғанда 800 мыңдай қосылады. Сонда 3,3 млн басқа жетеді. 2025 жылы тағы 1 млн бас төлдейді десек, 4,5 млн бастан асып кетеді», — деді Нысанбаев.

0
0
255

Осы тақырып бойынша

Экология министрі елімізде киік атудың қашан тоқтайтынын айтты - Yvision.kz