Үш аймақта жолдар жабылды: елде ауа райы асау мінез танытып жатыр
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қай жерлерде жол жабылғаны белгілі болды.

Фото: tengrinews.kz
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Атырау облысында — 1 учаске «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 шақырымы, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы. Жетісу облысында — 1 учаске «Үшарал-Достық» жолының 84-184 шақырымы, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске «Атырау-Орал» 375-492 жолының шақырымы, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 шақырым. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 шақырымы, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 шақырым. «Атырау-Орал» жолының 189-371 шақырымы, Атырау облысы шекарасы — Чапаев кенті арасы, 182 шақырым. Айта кетейік, жолдарды жабуға жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр себеп болып отыр.
