"Долб...сың ба?" Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге оның өз тілінде жауап берді
Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілі қысым көріп жатыр" деген мәлімдемесіне қазақтың белгілісі де, белгілі емесі де жабылып жауап беріп жатыр. Бірақ соның сөзін сөз деп қайтеміз дейтіндер де бар.

Ал Канделакидің өзі ақыл-ойын жоғалтқан мәңгүрт туралы айтатынды шығарыпты. Нақ осыған қазір Түркияда жүрген Бекболат Тілеухан ағамыз видео жазып, жауап берген.
"Блогерлер мен қарапайым желі қолданушылары орыс тілін ығыстырумен айналысып жатпағанымызды айтып, жауап берді. Біз ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді лайықты орнына қайтаруға тырысып жатырмыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, бекеттерге, көшелерге, қалаларға қандай атау беру керегін әр елдің өзі шешуге құқығы бар. Бұған жауап ретінде ақыл-ойын жоғалтқан "мәңгүрт" туралы айта бастадыңыз. ...Сіз күллі қазақты мәңгүрт деп меңзедіңіз бе? Егер бұл сөздің мағынасын білсеңіз, онда бүкіл халыққа қаншалық қиянат жасағаныңызды білуіңіз керек еді. Медиасферадағы адам ретінде сөздің бағасын білуіңіз керек еді. Сондықтан қазір істеп жатқан ісіңіз - саналы түрде арандату", - дейді экс-депутат Instagram-дағы парақшасына салған видеода.
Ал бұған https://t.me/egovmi арнасы юмормен қарапты.
"Әлгі Бекболат Тілеухан арандатушылық пікір жазған Тина Канделакиге қатты айтыпты. Таң қалмаңыз, онымен осы жолы ғана келісемін. Тинаның аты оның қарғыс дәптеріне түскені айдан анық. Бекболат ағамыз осы жолы «Долб...сың ба?» деп айтып жібереді деп ойладым", - деп жазылған әлгі Tekegram-арнада.
Біз бұған дейін Канделакидің орыс тіліне қысым туралы жазбасына оның қазақстандық әріптесі Динара Сәтжанның жауап бергені жайында жазғанбыз.
