Партияластар, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті
Партияластар, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті. Адамдарды ұзақ уақытқа бөгемеу үшін «KSP-Steel» АҚ болат балқыту цехының еңбек ұжымымен кездесу ZOOM-да өтті. - «Nur Otan» партиясы ең төменгі жалақыны көтеруге және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ұмтылатын болады, - деп атап өтті Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Вячеслав Кнутас. Сондай-ақ, ол шағын және ірі бизнес нысандарымен жұмыс жүргізілетінін айтты. Кәсіпорындар белгілі бір қолдау алады. Мұның бәрі аймақты импортқа тәуелді емес және экономикалық тұрғыдан тұрақты ету үшін. Қымбат Матай да депутаттыққа кандидат. Ол логопед, балалармен жұмыс істейді, Павлодар мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізуді және қалада кедергісіз орта құруды жақтайды. - Мен «Nur Otan» - ды таңдаймы…