Үміткерлер спорт шеберлерімен кездесті
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер мұз айдынында спорт шеберлерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарлама сөз болып, партия тарапынан салаға бағытталған жоспарлар айтылды. Шараға қатысушы спортшы жастар әртүрлі мәселелерді алға тартып, белсенділік танытты.Үміткер Жанат Ұбайдуллақызы кездесу барысында спорт саласына қатысты ілкімді жоспарлардан өзге білім саласын ілгерілету барысындағы айқын мақсаттарды жеткізді. Сонымен бірге, партия тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды.- Еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, дене шынықтыру жаттығуларын жасау тәжірибесін енгізу бағдарламаның басым бағыттарына кіреді, - деген Дархан Жомартұлы жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде айтылған әрбір пікірінің маңызды екендігін атап өтті.Ай…