Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер тобы үгіт-насихат жұмысын жүргізуде

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бақытбек Баткеев, Бауыржан Қаскырбаев және Анна Емцова Заря, Кеңес округтерінің және Ольгинка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауқымды бағдарламаның бірінші тармағы Ольгинка ауылының "Ертіс" ШҚ еңбек ұжымымен кездесу болды. Іс-шараны аша отырып, Бақытбек Баткеев әріптестерін таныстырып, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасының жеті бағыттары туралы айтып берді.

- Партия бағдарламасы еліміздің барлық елді мекендерінің, соның ішінде Павлодар ауданы тұрғындарының өтініштер негізінде құрылды. Осы жылдың тамыз – қазан айларында праймериз өткізу барысында біз, кандидаттар, партияластармен ғана емес, халықпен де кездестік. Біз сұрақтар мен ұсыныстар жинадық. Олардың көпшілігі бағдарламаға кірді. Осы сайлау кезеңінде біздің партия әр аудан, қала, облыс бойынша 200 - ден астам бағдарлама құрып, бекітті, - деп түсіндірді Бақытбек Тілеубайұлы.

Одан әрі кандидаттар аудандық сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Бауыржан Қасқырбаев ауылдағы жастардың бос уақытын ұйымдастыру мен спорттың дамуы туралы хабардар етіп, "Дипломмен ауылға" бағдарламасына толығырақ тоқталды. Анна Емцова білім беру саласындағы өзгерістер жөнінде атап өтіп, Ольгинка мектебінің мысалында партиялық жобаларды іске асыру туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы оқу орнында мультимедиялық жүйемен және жаңа жабдықтармен жабдықталған заманауи химия және информатика кабинеттері пайда болды.

- "Nur Otan" партиясы прогресс жолымен жүруде, - деп атап өтті Анна Валерьевна.

Кандидаттардың сөздерінен кейін ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер берілді.

Барлық кездесулердің соңында кандидаттар халықты сайлауда нақты істер партиясына, яғни "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды!

Сегодня кандидаты в депутаты районного маслихата Бакытбек Баткеев, Бауржан Каскирбаев и Анна Емцова встретились с населением Заринского, Кенесского округов и села Ольгинка.

Первым пунктом в обширной программе стала встреча с трудовым коллективом КХ "Ертіс" села Ольгинки. Открывая мероприятие, Бакытбек Баткеев представил своих коллег и рассказал о семи направлениях предвыборной программы партии "Nur Otan" "Путь перемен: достойную жизнь каждому".

- Программа партии создавалась на основе наказов жителей всех населенных пунктов нашей страны, в том числе, и Павлодарского района. В ходе проведения праймериз в августе – октябре этого года мы, кандидаты, встречались не только с партийцами, но и с населением. Мы собирали вопросы и предложения. И многие из них вошли в программу. В этот избирательный период наша партия сформировала и утвердила более 200 программ по каждому району, городу, области, - пояснил Бакытбек Тлеубаевич.

Далее кандидаты рассказали о районной предвыборной программе.

В частности, Бауржан Каскирбаев проинформировал о развитии молодежного досуга и спорта в селе, подробнее остановился на программе "С дипломом - в село". Анна Емцова сделала веские дополнения по сфере образования, рассказала о реализации партийных проектов на примере Ольгинской школы. Напомним, в этом году в учебном заведении появились современные кабинеты химии и информатики, оснащенные мультимедийной системой и новейшим оборудованием.

- "Nur Otan" идёт по пути прогресса, - подчеркнула Анна Валерьевна.

После выступления кандидатов сельчане получили возможность задать свои вопросы.

На все вопросы жителей были даны подробные разъяснения.

В завершении всех встреч кандидаты призывали население проголосовать на выборах за партию реальных дел, за "Nur Otan"!

#NurOtan

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер тобы үгіт-насихат жұмысын жүргізуде - Yvision.kz