Қоршаған ортаны жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасамақ
Бүгінде қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін оңтайландырмақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бақдәулет Махашов және қалалық маслихат депутаттығына үміткер Жанат Камитбекова «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшыларымен өткен кездесу барысында айтты.Басқосуда үміткерлер кәсіпорын жұмысымен танысып, кәсіпорын еңбеккерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады. Әрі сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.– Партия қоршаған ортаны жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасамақ. Бұл мақсатта қаланы көгалдандыру үшін жыл сайын кемінде 4…