Тұрғындармен кездесті
Шұғыла мөлтек ауданы тұрғындарымен үгіт-насихат жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты "Шұғыла"бастауыш партия ұйымында өткен кездесуде Төраға орынбасары Кенжеев Ержан Сұлтанбекұлы мен штаб мүшесі Ахметов Съезбек Исаұлы көпшілік тарапынан көптен мазалап жүрген мәселелерді тыңдады.
Кездесуде мөлтек аудандағы көп қабатты үйлердің тұрғындары әртүрлі мәселелерін жеткізіп ғана қоймай, ұсыныстарын да жолдады. Айтылған өтініштер мен маңызды сауалдар бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
