Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Торайғыров университетінің түлектері, қазірде кандидаттар мүшелері студенттермен кездесті

Торайғыров университетінің түлектері, қазірде Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері студенттермен кездесті. - 1986 жылы осы университетті тәмамдадым. Сол кезде ол Павлодар индустриялық институты деп аталған. Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен аспаптар мамандығы бойынша оқыдым. Бүгін «Қазақстан Темір Жолы» - «Павлодар магистральдық желі бөлімшесінде» жұмыс істеймін, - деп өз сөзін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қанат Сатабаев бастады. Студенттерге партия мүшелері «NUR OTAN» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Содан соң олар өз ісін қалай ашуға болатынын түсіндірді. - Бизнесті бастауға көмектесеміз дейсіздер. Идея қазірдің өзінде бар және жобамды іске асырғым келеді, бірақ менде қаржы мәселесі туындап тұр. Сіздер маған да көмектесе аласыз ба? – деп, бірінші курс студенттерінің бірі депутаттыққа кандидаттарға жүгінді. Жауап ретінде «NUR OTAN» партиясына кандидат Серік Байсейітов жас жігітке Кәсіпкерлер палатасында курстан өтуге кеңес берді. Айта кетейік, Серік Басарұлы – Торайғыров университетінің түлегі (сол кезде – ПМУ) – қиын 90-жылдары Екібастұз ГРЭС – 1-де, кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, соңғы алты жылда Өңірлік кәсіпкерлер палатасында еңбек етті. - Бүгін мемлекеттік қолдау алу және өз ісіңді ашу үшін «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға болады. Бір айға дейін созылатын курстан өтесіз, Кәсіпкерлер палатасында сертификат аласыз және онымен қайтарымсыз грант немесе микрокредит алуға үміттене аласыз. Бір шектеу бар - екінші деңгейлі банктер 21 жастан бастап несие береді, - деп түсіндірді Серік Байсейітов. – «Бастау Бизнес» курстары тегін, сізбен жақсы мамандар айналысады, бизнес-жоспар құруға, құжаттамамен жұмыс істеуге көмектеседі. Мен жазда оқудан өтіп, 500 мың теңге көлемінде грант алып, жабдықтар: камералар, принтерлер, маникюрге арналған керек-жарақтар сатып алған көптеген жігіттерді білемін. Тек техникалық құралдарды ғана емес, мал мен құсты да сатып алдық. Мұның бәрі жас жігіттерге өз ісін бастауға көмектесті. Кейбіреулер курстардан өтіп, бағытын өзгертті, мүлдем басқа бизнес ашты.

0
0
212

Осы тақырып бойынша

Торайғыров университетінің түлектері, қазірде кандидаттар мүшелері студенттермен кездесті - Yvision.kz