Тең мүмкіндіктер жасалады
«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Ержан Құдайберген мен Хайрулла Қожабаев Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледждің жұмыс барысымен танысты.
Кентау арнаулы колледжінде 80-ге жуық 15-35 жас аралығындағы ерекше жастар білім алады. Мұнда "Есепші-ревизор", "ЭЕМ операторы", "Тігінші" секілді түрлі мамандықтары меңгеріп, маман атанады.
Материалдық база, оқу жүйесі жақсы жолға қойылған. Ұжымда білікті де, білімді мамандар қызмет атқаруда.
Ұстаздармен кездескен Ержан Төлепұлы мен Хайрулла Қожабаев «Nur Otan» партиясының бағдарламасында әлеуметтік қолдауға баса назар аударылғандығын жеткізді.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Партия денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Елдің дамуы жолында игі бастамалар мен жаңа жобаларды қолға алған көшбасшы «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
