ТҮРКІСТАН: Жалақы өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмендейді
Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Құдайберген Ержан мен Хайрулла Қожабаев Кентау қаласындағы сайлаушылармен кездесті. Кентау трансформатор зауытында болып, еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
«Кентау трансформатор зауыты» Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті 2000-ға жуық халықты жұмыспен қамтып, жоғары жалақы төлеп келеді.
Бүгінде зауыттан трансформатордың 800-ден астам түрі шығады. Өнімнің 40 пайызы Моңғолия, Еуропа, Чехия, Латвия, Украина, Белоруссия, Армения, Әзербайжан, оңтүстігіміздегі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты алыс-жақын елдерге экспортталуда.
Зауытта қазіргі кезде роботтар жұмыс істеп жатыр. Бірі дәнекерлеуші болса, екіншісі жинаушы робот. Олар жүз адамның жұмысын атқара алады. Зауытқа роботтардың әкелінуі – жұмысшылар санын қысқартуды емес, керісінше бәсекеге қабілеттілікті арттырып, еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын жақсартуды көздейді. Сондай-ақ зауыт 5 жылдан бері жапондық жүйемен басқарылады.
«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамытуды қолдайды. Бұл бағытта Кентау қаласы секілді шағын қалалардың артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланылатын болады.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы деңгейі өседі, жұмыссыздық деңгейі төмендейді.
Елдің дамуы жолында игі бастамалар мен жаңа жобаларды қолға алған көшбасшы «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!
