Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Болашаққа нық қадам» атауымен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстары жастармен кездесу арқылы жалғасты.

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Көшербаев Дархан Жомартұлы, Камитбекова Жанат Убайдуллақызы, Мұсабаева Гүлшат Исақызы жастармен кездесуде партияның алға қойған түрлі мүмкіндіктерімен таныстырды.

«Болашаққа нық қадам» атауымен өткен кездесуде партияның жеті негізгі басым бағытын алға тартқан Гүлшат Мұсабаева жастарға өзінің праймериз партияішілік сайлауына қатысып, көшбасшылар қатарынан көрінгендігін және соған үлкен ұмтылыс жасағандығын ашып айтты. Сөз барысында жастар тарапынан қоғамға үлесін тигізу үшін талпыныс пен үлкен сенім керектігін жеткізді.

Жиынға қатысушы жастар ойларын ортаға салып, үміткерлерге түрлі сауалдарын жолдады. Кездесуде сөз алғандардың бірі сайлауалды науқаннан хабары жоқ жастардың бар екендігін атап өтіп, аталмыш партияға қолдау көрсететіндігін тілге тиек етті.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

«Болашаққа нық қадам» атауымен кездесу ұйымдастырылды - Yvision.kz